Ақтамнан жағымды ақпар бар
Құрылыс жұмыстары ауданның ажарын айшықтай түсетіні сөзсіз. Тіпті, ауданмен қатар ауылдық жерлерде де бой көтерген жаңа мектептер мен балабақшалар, дәрігерлік амбулаториялар, демалыс орындары жергілікті тұрғындардың игілігіне жарап, жұмыссыздық деңгейінің азаюына да өз үлесін қосады. Соның бірі – Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Ақтам елді мекеніндегі жаңа медициналық бекет құрылысы.
Ауданда тұрғын үйлердің құрылысынан бөлек, әлеуметтік ғимараттардың құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Енді ақтамдық ағайындардың басы ауырып, балтыры сыздай қалса, жаңа амбулаторияға жүгінетін болады. Ақтам ауылдық амбулаториясы құрылысын бас мердігер «Ахат+ТС» ЖШС құрылыс мекемесі қолға алған.
Ауданда тұрғын үйлердің құрылысынан бөлек, әлеуметтік ғимараттардың құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Енді ақтамдық ағайындардың басы ауырып, балтыры сыздай қалса, жаңа амбулаторияға жүгінетін болады. Ақтам ауылдық амбулаториясы құрылысын бас мердігер «Ахат+ТС» ЖШС құрылыс мекемесі қолға алған.
Түнеу күні аудандық ауруханаға қарасты құрылысқа жауапты маман Ахметәлі Сүйіндіковтің қабатында жүріп медициналық бекет құрылысы барысымен танысқан болатынбыз. Жаңа нысанның құрылысына 56,0 млн қаржы қаралған екен. Бүгінгі күнге қысқа мерзімде медициналық бекеттің іргетасы мен қабырғасы қаланып, екі жабуы жабылумен қатар есік-терезелері орнатылған, инженерлік тораптары толықтай жүргізілген. Қарқынды түрде ішкі әрлеу жұмыстары мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығына қанық болдық.
Ағымдағы жылы «Шиелі ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің ішкі қаржатынан қаржы қарастырылып, медициналық бекет құрылысына жер теліміне құжаттар алумен қатар жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынғанан кейін облыстық бюджеттен қаржы қаралуға ұсынылды. Қолдау болып бюджеттен қаралған қаржыға казан айының басында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жоспарлы жұмыстар арқасында жаңа нысанды ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде жетоқсан айының аяғына халық игілігіне беруді көздеп отырмыз. Әрине, алдымен тапсырылған жұмысты жете түсініп, жауапкершілікпен атқара білу керек. Біз өз міндетімізді кемшіліксіз атқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Маман құрылысшылармен жиі кездесіп, жұмыс барысын кеңінен талқылаймыз. Нәтижесінде, жұмыстың қарқыны да, сапасы да артады. Кемшілік атаулыға кеңшілік берілмейді, –дейді құрылыс инженері Ахметәлі Сүйіндіков.
– Ауылымыз көз алдымызда көркейіп келеді. Көшемізге тас жол төселіп, жарықтандырылды. Жаңа балабақша да бар. Енді міне, жаңа медициналық мекеме салынуда. Ауыл тұрғындарының көптен бергі тілегі осы болатын. Себебі, тұрғындар сырқаттанып немесе өзін жайсыз сезіне қалса, ауылдан бірнеше шақырым жердегі емдеу мекемесіне жүгінуге тура келетін. Өте қуаныштымыз. Жаңа емдеу мекемесінің игілін көре берейік, – деді ауыл тұрғыны Таңатар Бекманов.
Екі жарым айда құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілетін нысанның сапасын білмекке ауыл әкімі Жомарт Ақбергеновпен тілдескен едік.
– Құрылыс нысаны аяқталған соң аудандық сәулет және құрылыс бөлімі тексеріп талапқа сай келсе қабылдайды. Ең бастысы құрылысшылардың атқарып жатқан жұмыстарын ауыл ақсақалдарымен мұқият қадағалап отырамыз. Мердігер компания 2 жылға кепілдік береді. Біз үшін халықтың амандығы, медициналық көмектің қолжетімді болғаны маңызды. Сондықтан барлығын назарда ұстауға тырысып жатырмыз, – деді.
Ш.Тілеубаев