Медициналық мекемелер жағдайы жақсаруда
Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта Шиелі ауданында медициналық мекемелер жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Алыс-жақын елді мекендер дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етілуде.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биылғы жылы Керделі, Жөлек, Жуантөбе ауылдық округтерінен жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын «Дәрігерлік амбулатория», Қоғалы ауылдық округінде фельдшерлік акушерлік бекет ғимараты пайдалануға берілетін болады.
Сонымен бірге, Досбол би, Ортақшыл, Тартоғай, Тәжібаев елді мекендерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Дәрігерлік амбулатория» салу жоспарлануда.
Аудан орталығындағы 1974 жылы салынған орталық ауруханасы жаңа типтегі, заманауи құралдармен жабдықталған ауруханаға ауыстыру мәселесі түйткілді мәселенің бірі болатын.
Аудан орталығындағы ескірген емдеу ғимаратын жаңалау мақсатында республикалық бюджет есебінен жобалық құны 5 млрд. 511 млн. теңге құрайтын 150 орындық аудандық аурухана құрылысы биылғы жылы пайдалануға берілетін болады.
Шиелі Ауданы Әкімдігі ФБ парақшасынан.