Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміз «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды

Жерлесіміз «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды

Кеше Нұр-сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен шарада БАҚ саласының үздіктері марапатталды. Марапаттау кешінде жерлесіміз, журналист Бағдат Бектұрғанқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болып, Сыр журналистерінің мерейін үстем етті.
Айта кетейік, Бағдат Әбдіқожаева 1980 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Н.Бекежанов ауылында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың түлегі. Еңбек жолын Қызылорда облыстық телеарнасында бастаған. Сондай-ақ, бірнеше жыл бойы «Хабар» агенттігінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. «Мәслихат», «Ауыл», «Майданнан хат», «Қазақстан астаналары» хабарларын дайындап, өз шеберлігін мойындатқан қара орман халықтың сүйікті қызы. Елбасы, Н.Назарбаевтың, Қызылорда облысы әкімдерінің, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің алғыс хаттары мен арнайы дипломдарының иегері. Бұл күнде «Хабар 24» теларнасында «Әлем» бағдарламасының авторы, аймақтық тілшілер желісінің бас редакторы қызметін абыроймен атқаруда.
14 желтоқсан 2021 ж. 782 0