Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметке бөленген тілші

Құрметке бөленген тілші


Республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Ержан Байтілес редакцияның "Құрмет грамотасын" иеленді.

Қаламы қарымды журналисттің «Ақ пен қара» кітабы жарыққа шығып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген болатын. Жүйрік ойынан туған әрбір дүниеге жан бітіретін білікті тілшінің марапатқа бөленуі тынымсыз еңбегінің жемісі. Редакцияда өткен салтанатты жиында газет басшысы Дархан Қыдырәлі одан бөлек, «Егеменнің» жауапты хатшысы Самат Мұсаға ТМД елдері Парламентаралық ассамблеясының «Баспасөз  және ақпарат саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгісін, бас редактордың орынбасары Сейфолла Шайынғазыға Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін, ал аға корректор Нұршакүл Әшімбаеваға министрліктің «Құрмет» грамотасын табыс етті. Зейнет жасына жеткен С.Шайынғазыға, құрметті демалысқа шыққан Н.Әшімбаеваға ұжымның және кәсіподақтың атынан тарту-таралғы жасалып, әріптестері ақ тілектерін жеткізді.
«Егемен» ұжымы Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Ержан Байтілеске тілектестігін білдіріп, редакцияның «Құрмет» грамотасымен марапаттады. Бізде әріптесімізге қаламың ұштала берсін деп тілек білдіреміз.
«Өскен өңір» ақпарат.
16 ақпан 2018 ж. 1 234 0