«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» БОЙЫНДА САПАРЖАЙ САЛЫНУДА
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралы еліміздегі және әлемдік ауқымдағы ірі жобалардың бірі. Құрылысы сонау 2009 жылдардан басталған күре жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырым болса, соның 2787 шақырымы, яғни Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы облыстарына тиесілі аумағы арқылы бүгінде мыңдаған жүк көліктері мен жеңіл көліктер тәулік бойы үздіксіз қатынауда. Ал, осы магистралдың ең ұзақ 1062 шақырымы Қызылорда облысы аумағын кесіп өтеді.
Жаһандық геосаясаттың құбылмалы кезеңінде Aзия мен Еуропaны баяғы замaндарда жалғaстырған «Ұлы Жібек Жолының» қайта орaлуын зaңды құбылыс деп қабылдауымызға болады. Ал, жобаның мақсатына тоқталар болсақ, оның бірінші мақсаты – 8400 шaқырымға созылып жатқан, әрі осы замaнның озық технологиялaрымен жaбдықталған логистикaлық ортaлықтар тізбегі мен трaнзит-көлік жүйелерін қалыптaстыру болса, екінші мақсаты автомобиль жолдарын жаңарту, Сауран, Отырар, Сайрaм, Алтынтөбе секілді мұрaларымызды бүгінгі коммуникaция мүмкіндіктерін пайдaлана отырып туристік ортaлыққа айнaлдыру болып табылады. Сондай-ақ, магистраль бойына жол бекеттерін, aс ішіп, аяқ суытатын орындaр, шaғын қонaқжайлар, көлікті шұғыл жөндеу станцияларын ашу арқылы, халықтың бірaз бөлігін жұмыспен қамту көзделген.

Күре жолдың әлеуетін толықтай пайдалану мақсатында Шиелі кенті маңынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралы бойынан сапаржай құрылысы жүруде. Жоба құрылысы аяқталса, ол маңда: «сапаржай», күту залы, авиа касса, теміржол кассасы және әр түрлі бағыттағы автокөлік кассасы, дәрігерлік бөлім, туристік бюро, намазхана, асхана, ана мен бала бөлмесі, күзет пункті, техникалық қызмет көрсету орталығы, қонақ үй, мейрамхана, май құю станциясы, сауда павильоны, жеңіл және жүк көліктерінің тұрақтары іске қосылмақ. Сапаржай ғимаратының жалпы көлемі 1500 кв.м. Оның ішінде бірінші қабаты 500 кв.м, екінші қабатты 1500 кв. м, үшінші қабатты 224,4 кв.м. Бұл жол арқылы күніне 5000 көлік жүріп өтетінін ескерсек, жоба экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік жағынан да мол табыс әкелері сөзсіз.
Қазіргі таңда сапаржай құрылысымен «Арғымақ» автобазасының директоры Оразәлі Байділда айналысуда. 4 мәрте аудандық мәслихат депутаты, 2 мәрте облыстық мәслихат депутаты, «Шиелі ауданының құрметті азаматы», «Құрмет орденінің иегері», «Үздік аудандық кәсіпкер» атанған азамат Ыбырай Жақаев ауылындағы №244 мектептің алғашқы түлектерінің бірі. 1983 жылы Қарағанды политехникалық институтының «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» факультетін «инженер-механик» мамандығы бойынша үздік тәмәмдап, әр түрлі жылдары Шиелі автокөлік кәсіпорны автоколоннасының бастығы, Шиелі жолаушылар автокөлік кәсіпорнының технигі, Шиелі жолаушылар автокөлік кәсіпорны автоколоннасының бастығы, Шиелі автостанциясының бастығы, Шиелі автокөлік кәсіпорнының бас инженері, 1993 жылдан бері «Арғымақ» автобазасының директоры қызметін атқарып келеді.
Оның айтуынша бұл жобаны қолға алудағы негізгі мақсат аудан экономикасын, әлеуметтік жағдайын әртаптандыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу болып отыр. «Жалпы соммасы 2 млрд теңгеден астам қаржыға салынып жатқан жоба құрылысы, сәтін салса, келесі жылы аяқталуы тиіс», – дейді автобаза директоры. Қазіргі уақытта Шиелі кентінде осы заманға сай көп функционалды және жайлы сапаржай жоқ екендігін ескерер болсақ, осынау ауқымды жобаның іске асуы азаматтың жеке басына ғана емес, бүкіл бір ауданның экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашуылуна септігін тигізбек.
Рамазан ӘНӘПИЯ