Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘР БАЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕЙІРІМ МЕН ЖАНАШЫРЛЫҚ ҚОЛДАУ

ӘР БАЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕЙІРІМ МЕН ЖАНАШЫРЛЫҚ ҚОЛДАУ

Жаңа оқу жылында Еңбекші ауылдық округіндегі білім ордаларында ерекше қуаныш орын алды. «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны 100 оқушыға демеушілік көмек көрсетті.
Жалпы құны 1 500 000 теңгені құрайтын бұл көмек әрбір баланың жаңа оқу жылын тиімді әрі қызықты бастауына зор мүмкіндік берді. Әр оқушыға 15 000 теңгелік «Abdi» кеңсе тауарлары дүкенінің сертификаты табыс етілді. Бұл сертификаттар жаңа оқу жылында қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін таптырмас көмек болмақ. Қаламсап пен дәптер, түрлі оқу құралы мен шығармашылыққа арналған материалдар – бәрі де баланың білім жолындағы алғашқы серіктері.
Компания басшылығының бұл бастамасы әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі болып табылады. Осындай қолдаулар ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыруға, мектептердің материалдық базасын нығайтуға, балалардың болашаққа деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

«Өскен өңір» ақпарат
04 қыркүйек 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031