Оқушыларға қаржылай қолдау көрсетілмек

– Науқан аясында 1754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. «Самұрық-Қазына» Қорының бастамасымен 1 сыныпқа баратын 1830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге, «Ел-арай» Қорымен 500-ден астам балаға көмек көрсету жоспарлануда. Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000- нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылуда, – деді Бағдат Камбозұлы.