Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 6 мың шақырым жол ақылы болып, 1373 шақырым жол жөнделеді

Биыл 6 мың шақырым жол ақылы болып, 1373 шақырым жол жөнделеді

BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мамандары 2020 жылдан бастап еліміздегі қандай жолдар ақылы болатынын және қай жол учаскелері жөнделетінін айтты.

Министрлік мәліметіне сәйкес, 2024 жылға дейін республикалық жолдың 11 мыңға жуық шақырымын ақылы автожолмен қамту жоспарланған.

Ақылы жол жобасын екі кезең бойынша енгіземіз. Бірінші кезең – 2020-2021 жылдар аралығында 6 мың шақырым ақылы жол қолданысқа беріледі. Атап айтқанда, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" транзиттік дәлізі; "Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы"; "Щучинск – Петропавл"; "Нұр-Сұлтан – Павлодар"; "Қалбатау – Павлодар – Ресей шекарасы" (Омбыға апаратын жол); "Таскескен – Бақты - Қапшағай – Талдықорған"; "Атырау – Орал; "Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы" және "Ақтау – Бейнеу" жолдарының учаскелері ақылы болады, - делінген министрлік мәліметінде.

Ақылы жол жобасының екінші кезеңі – 2022-2023 жылдар аралығында қалған 5 мың шақырым жол ақылы жүйеге көшеді.

Сонымен қатар, ИИДМ алдағы жылдар қанша шақырым жол жөнделетінін де айтты.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2020-2026 жылдар аралығында республикалық маңызы бар ұзындығы 10 мың шақырымды құрайтын жолдардың құрылысы мен реконструкциясы жүзеге асады деп жоспарланған. Оның 1373 шақырымы биыл пайдалануға беріледі.

Осылайша, "Орталық – Оңтүстік" бағыты бойынша 311 шақырым жол ашылады. "Петропавл – Қорған" тасжолының 37 шақырымы пайдалануға беріледі. "Орталық – Шығыс" жобасы бойынша 13 шақырым, "Қостанай – Денисовка" жолында 65 шақырым, "Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат" жолында 160 шақырым жол ашылады. Сондай-ақ, 2020 жылы "Атырау – Астрахан" тасжолының 160 шақырымы, "Көктерек асуы" жобасы бойынша 32 шақырым, "Талдықорған – Өскемен" тасжолында 384 шақырым, "Ұзынағаш – Отар" жолының 96 шақырымы, "Үшарал – Достық" жолының 60 шақырымы, "Қалбатау – Майқапшағай" жолының 155 шақырымы қолданысқа беріледі, - делінген мекеме таратқан ақпаратта.
02 қаңтар 2020 ж. 721 0