Айтыстың ақтаңгері
Дүйсенбі күні Бәйгеқұм ауылдық округінің мәдениет үйінде ауыл әкімі мен мектеп директорының ұйымдастыруымен Сыр сүлейлерінің жалғасы болып, бабадан қалған жолды жалғап, мың жүйріктің ішінде дараланып, жарқырап шоқ жұлдыздай жанған от ауызды, орақ тілді ақын, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Маханбетқали Тұрсановты еске алуға арналған «Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы, сыбағасы халқымның, Жасампаз жолда өлеңі өшпес ақынның» атты еске алу кеші өтті. Кешке аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Сыр бойы газетінің тілішісі Д.Аяшұлы, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көзі тірісінде-ақ, елінің сүйіспеншілігіне бөленген ақылы асқақ, ойы ұшқыр, тума талант иесі Маханбетқали Тұрсанұлы 1937 жылы 1 ақпанда Шиелі ауданы, 1 мамыр елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Тұрсан мен апасы Рыскүл көп жылдар бойы колхоздың қойын баққан қарапайым болмысының арқасында халықтан шексіз алғыс алған жандар болған. Осы екеуінен тәлім алған Маханбетқали да мектеп қабырғасында жүріп-ақ, айтыс аламанына шығып, тарландай топ жарған жүйріктігімен танылады. Орта мектепті бітіргеннен кейін сол ауылда 15 жыл мал шаруашылығында еңбек еткен. М.Тұрсанов өзінің ерік-жігерінің арқасында қарапайым малшыдан халық сенімін арқалаған жауапты қызметкерге дейін өсті. Атап айтар болсақ, 1974 жылы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылындағы кәсіптік-техникалық училищеде директордың орынбасары, 1986 жылдан бастап Шиелі аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарып, 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан. Кешегі Нартай мен Манаптардың жолын жалғап, 1979-1990 жылдары аралығында Қызылорда қаласында өткен дәстүрлі облыстық ақындар айтысының алты мәрте жүлдегері атанды.

Одан кейін айтыстың туын аламанға көтеріп шыққан ақын 1983 жылы Талдықорған қаласында, 1984 жылы Алматы қаласында, 1986 жылы Орал және 1987 жылы Павлодар қалалары мен мен 1989 жылы Қарақалпақ республикасында, 1990 жылы Қазақстан Республикасының 70 жылдығына арналған Алматыда өткен додаға қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтармен оралып жүрді. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған дәстүрлі VІ облыстық ақындар айтысында бас жүлдеге ие болды.
Маханбетқали Тұрсанов ағамыз Сыр елінің айтыс өнерін өркендетіп дамытуда, кейінгі ұрпаққа ұлттық мұраны жеткізуге сіңірген еңбегі үшін облыстың Бас ақыны, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Еңбектегі ерлігі» үшін медалі және Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысына қатысқаны үшін «Құрмет» грамотасымен, ұзақ жылдар облыстың мәдениеті мен өнеріне сіңірген елеулі еңбегі үшін облыстық «Құрмет» грамотасымен марапатталған еді.
Аталған әдеби кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Әбілқасымұлы ақынның тұлғалық келбетіне, шығармашылық жолына тоқтала келе ақынның ұрпақтарына ізгі лебізін білдірді.
Кеш барысында Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» Әбілқайыр Сыздықов ақынға арнауын арнаса, М.Тұрсановтың соңынан ерген шәкірттері Кенжебай Жүсіпов, Рахматулла Жолтаев, Ержан Әмір, Елдар Әмірхандар ақынның саналы ғұмырында жасаған ерен еңбектерін ортаға салып, естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Дүйсенбек Аяшұлы, Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев, Қарғалы ауылының ардагері Пернебай Ізтілеуов ақынға арналаған кермет естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, кештің әсерлі өтуіне барын салып, ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған Жансұлу Сыздықоваға аудан әкімнің «Алғыс хатын» табыс етті.
Еске алу кешінде ақынның құрметіне мектеп мұғалімдері арасында футболдан турнир өтті. Кеш аяқталған соң М.Тұрсановтың құрметіне ас беріліп, рухына құран бағышталды
Ш.Тілеубаев