Өмірі өнеге болған жан
Қазақта ақыл-парасатымен, тапқырлығы және тәрбиесімен, дуалы сөзі, дара мінезімен әлі күнге дейін ел жадында жатталған аналар аз емес. Әсіресе, ақ күріштен тау тұрғызып, еңбектің ерен үлгісін көрсеткен ақ жаулықты аналарымыз жетерлік. Солардың бірі – Социалистік Еңбек Ері Заһира Ержанова. Осындай өнегелі өмір иесі З.Ержанованың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы 5 «б» сынып оқушылары еңбек адамының өмір жолымен танысып, аудандық тарихи-өлкетану музейіне барды.
Оқушыларды жылы пейілмен қарсы алған музейдің ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов музейдің экспозиция залдары бойынша экскурсия жүргізіп, Заһира Ержанованың өмірі мен еңбек жолы жайлы құнды мағұлматтармен таныстырды. «Иә, абыз ана өнегелі өмірінде еселі еңбегімен елдің елеулісіне айналды. «Қызыл Ту» колхозында ерлермен қатар иық тіресе жұмыс істеді. Күріштің күтіміне, дәннің дұрыс себілуіне қатаң қарады. Жер-Ананың бауырына түскен әрбір тұқымның өніп-өсіне өз балаларына қарағандай күтім жасайтын. 1958 жылы ол өзінің туған жері «Қызыл Ту» колхозында күріш өсіру звеносын басқарды. Сол жылдары жақсы өнімге қол жеткізіп, 25 гектар алқаптан 42 центнер күріш жинады. Ал 1960 жылы 15 гектар аумақта күріштің әр гектарынан 45 центнер өнім алды. Төгілген тер еш кетпеді. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы З.Ержановаға «Құрмет грамотасын» табыстады. 1961 жылы ол механизаторларды даярлау курсын бітіріп, келесі 1962 жылы тағы да мол өнімге қол жеткізіп, екінші рет «Құрмет грамотасын» иеленді. Сонау 1965 жылы елде қуаңшылық орын алып, тығырыққа тірелгенде, тиімді жол тауып, 18 гектар алқаптан 61 центнерден күріш жинап ерлеген еді. Осы бейнеті үшін 1965 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, кеудесіне «Алтын жұлдыз» орденін қадаған болатын. Сондай-ақ, «Қазақ ССР-не еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағын да алды» – деп, музей қызметкері еңбек адамының өмір жолын оқушыларға бір деммен жеткізді.

Ал, сынып жетекшісі Айбек Асанов «Шиелі ауданында еңбегімен есімі әлемге танылған жандар жетерлік. Ал, олардың ғибратты ғұмырын келер ұрпаққа жеткізу біздерге аманат. Мектеп қабырғасында өткен сабақтың жөні бір бөлек. Ал, музей ішінде Заһира Ержанова апамыздың қолданған құрал-сайманын, портретін көрсету арқылы дәріс беру оқушыларға ерекше әсер сыйлады. Сондықтан, рухани құндылықтарды насихаттап, оқушылармен жұмыс жасау осымен тоқтап қалмайды», – дейді.
Расында, тарихи, рухани құндылықтарды дәріптеудің ерте-кеші жоқ. Керісінше, көзбен көріп, қолмен ұстап, еңбек адамдарының еңсерген ерліктерін ұрпақ бойына сіңіру арқылы талапты жастарды тәрбиелеуге болады.
Нұрай ҚАЛЫШБЕК