Алтын жұлдызды Ана
Биыл күріш алқабының анасы – Заһира Ержанованың 95 жылдық мерейтойы. оЛ Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған, даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың жақын шәкірт3інің бірі. Жасынан еңбекке араласып, ерлермен бірге қайрат танытқан Еңбек Ері 1926 жылы Шиелі ауданында, теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Небәрі 16 жасында «Қызыл Ту» колхозында күріш өсіруші болып жұмыс істеген.
Етін еңбекке ерте пісірген ол, 1948 жылдан бастап Ы.Жақаевтың күріш өсіру бригадасында жұмыс істейді. «Қызыл Ту» колхозында ерлермен бірдей иық тірестіре еңбек етіп, өз ерлігімен көзге түсті. Техниканы тізгіндеп, жер тырмалап, егін де екті. Даңғайыр диқанның өнегесінен өрістеп, қиын-қыстау кезде елге пана, ерге ана да бола білді. 1958 жылы ол өзінің туған жері «Қызыл Ту» колхозында күріш өсіру звеносын басқарды. Сол жылдары жақсы өнімге қол жеткізіп, 25 гектар алқаптан 42 центнер күріш жинады. Ал, 1960 жылы 15 гектар аумақта күріштің әр гектарынан 45 центнер өнім алды. Еселі еңбегіне құрмет ретінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Заһира анамызға «Құрмет грамотасын» табыстады. 1961 жылы ол механизаторларды даярлау курсын бітіріп, келесі 1962 жылы тағы да мол өнімге қол жеткізіп, екінші рет «Құрмет грамотасын» иеленді. Осы жылы ССР Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланды. Арада үш жыл өткен соң, яғни 1965 жылы ел басына күн туып, қуаңшылық орын алады. Осындай қысыл-таяң уақытта Заһира сағын сындырмай, керісінше, күріш өсіру жұмысына білек сыбана кіріседі. Нәтижесінде, 18 гектар алқаптан 61 центнер күріш жинап, егіні сайланып, көңілі жайланады. Осындай ерен еңбегінің бағаланғаны шығар, 1965 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Алтын жұлдыз», «Ленин» ордендері қоса табысталады. Сондай-ақ, «Қазақ ССР-не еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағы берілді.

Сыр салысын өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған жанмен бірге қызметтес бола жүріп Заһира мол тәжірибе жинайды. Ұстазынан күріш өсірудің қыр-сырын меңгеріп, өзі де талай жетістікке қол жеткізеді. Тіпті, Ы.Жақаевтың жақын шәкірттерінің біріне айналады. Өмірі өнеге болған ұлт анасы өз ұстазынан сыр салысын өсірудің амалын ғана меңгеріп қойған жоқ. Ақ күріштің атасынан өмірлік азық болатын тәрбиені де, тағылымды да үйренді. Оны Заһираның көппен бөліскен мына бір естелігінен байқай аламыз. «Күріш себіліп жатқан кез, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін мезгілі – көктем, жұрттың бәрі жарты құрсақ. Бір дорба күріш тұқымын кейін көже қылып ішейік деп үйдегі жаман сандыққа салып, тығып қойғанбыз. Түскі шайдың үстінде Ыбекеңнің көзі сандықтың тесігінен көрініп тұрған күріш дәніне түседі. Ашуды ақылға жеңдіріп, бәрімізді жиып алып «Бұл бізге аманат етіп тапсырылған бүкіл халықтың несібесі, ырыздығы, ертеңгі азығы, өмірі, тұқым ұрлағанның тұқымы құриды деген, бұларың не, қарақтарым, ендігәрі аштан өлсеңдер де бұл жаман әдетті қайталамаңдар», – деген болатын. Бұл салиқалы, салдарлы, салмақты әңгіме бәріміздің де бүкіл өмірімізге жетерлік сабақ болды» деп еді ЗаҺира анамыз. Бір уыс дән! Бір ғана сөйлем. Ал, осында қаншама мән-мағына, қаншама тағдыр-талап бар десеңізші! Дән – нан, нан – өмір! Адамдар бір жерден екінші жерге көшсе де, бір құрлықтан екінші құрлыққа өтсе де өзімен бірге бір уыс дәнді алып жүрген. Алтын, күміс – тас болғанда, арпа, бидай – ас болған.
– «Адам жер бетінде туады, оның өмірі жер үстінде өтеді. Адамның көсегесі тек жермен көгереді» деген ой менің есімнен ешқашан шыққан емес. Өзімді баураған осы бір ойды «Біздер Жақаевшылар боламыз» деп отырған жастарға қылтқысыз айтып береміз. Көпшілік менен: «Шәкіртіңіз кім» деп сұрайды. Менде шәкірт көп. Күрішті ғылымға негіздей отырып, жер жағдайына бейімдей өсірген – жаңалық ашуға талпынған адам. Мен соларды өз серіктерім дер едім. Себебі, мен өмірбақи күрішті жетілдіре беруден жалыққан емеспін. Сыр бойының қуаң, ыстық, аптапты ауа райына төзімді, әрі өнімді мол беретін күріш сортын өсіру менің ежелгі арманым. Күріш өсіру мәселесінде дәл соны қараған шәкірттерімнің бірі – Заһира. Ол да «Қызылту» колхозында. Көп жылдан бері күріш өсіріп жүр. Қазір өз алдына бөлек звено бар. Заһираға біткен бір жақсы қасиет – ол моюды білмейді. Істеген ісі әрдайым өнімді, тындырымды. Жұмысты бар ниетімен істейтіндігі соншалық, қасындағы серіктерін де дебелесін қоздырып, оларды қиын жұмыстан тайсалмайтындай етіп тәрбиелей біледі. Бейнеті де, мехнаты да көп дала жұмысында дәл осындай жетекші болса – ісің сәтті болады, жолың оңалады деген сөз. Менің звеномда көп адамдар істеді, талай күрішші осы ұядан ұшып шықты, оларды мен ыждағатты еңбекке үгітпен, не зекумен баулыған емеспін. Қалай бейнет қылуды қимылмен көрсеттім. Бейнет түбін зейнетпен дәлелдеуге тырыстым...Заһира да дәл солай. Мен көксіген нысанадан шығыпты. Заһира тым жастай жесір қалды. Шиттей бала-шағамен бір үйлі жанға басшы болу оңай деймісіз? Заһира тұрмыстың тауқыметін біраз тартты. Сонда да мойыған жоқ. Колхоз жұмысына құлшына кірісті.
– Балам, жастық шақ еңбекке арналған. Ол шақты босқа өткізсең – өкінесің. Қартайғанда бейнетке бойды үйрету – үлкен азап, – деп сөзден сөз шығарып отырып айтқаным бар еді. Менің осы бір мәслихатым көкейіне мықтап ұяласа керек,Заһира еңбекпен жетілді, – деп бағасын берген екен Ы.Жақаев.
Нұрдәулет Нақыпов,
Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің қор сақтаушысы