Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова және аудандық "Отбасын қолдау орталығы" КММ-нің әдіскері Айзат Сарбалаева "AMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобымен Шиелі аудандық қорғаныс істері бөлімінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарға қаржылық жоспарлау қағидалары, несиелік міндеттерді, күрделі қаржылық жағдайлардан шығу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан:өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында "Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі әлі де өзекті. Осы ретте, "АMANAT" партиясы ұсынған "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Былтырдың өзінде осы жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп,заңгерлік кеңес алды," - деп атап көрсеткен.

Үстіміздегі жылы "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында Шиелі ауданы бойынша 717 азамат оффлайн оқытылса, 2000 - ға жуық 90+ қарызы бар адамдар онлайн оқуға тіркелді.
8 азамат банкроттыққа құжат тапсырып, 2 азамат банкроттыққа жіберілді. 1 азаматша "Ауыл аманаты" жобасы бойынша қайтарымсыз грант иеленіп, кәсіпкерлікпен айналысуда.

Қаржылық сауаттылық арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

22 қазан 2025 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031