Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ АПТАСЫ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БАСТАЛДЫ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ АПТАСЫ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БАСТАЛДЫ

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру курсының кезекті оқу аптасы Жуантөбе ауылдық округінде өтуде.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты Нұрсұлтан Сапарбаев, "Қарызсыз қоғам" жобасының қаржы сарапшысы Мәмен Балдырған, ауыл әкімі Азамат Есімов қатысушыларға қаржылық сауаттылық жөнінде түсіндірді.
Биылғы жылғы оқулардың басты ерекшелігі оқыту офлайн және онлайн жүргізіледі және тек 90 күннен астам берешегі бар азаматтар қатысады.
Қаржылық сауаттылықты оқыту аясында төмендегідей көмектер көрсетілетін болады:
отбасылық бюджетті құру;
несиелеу шарттарын түсіну;
қаржылық есептеулер жүргізу
қарыздарды қайта құрылымдау;
бизнес-жоспар жазу;
банкроттық рәсімін қолдану (қажет болған
жағдайда).
«AMANAT» партиясының филиалдарына немесе https://qogamfin.kz сайтына тіркелу арқылы оқуға жазылуға болады.
29 сәуір 2025 ж. 319 0