Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 60 АДАМҒА ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

60 АДАМҒА ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық окургінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқытудың кезекті аптасы басталды.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту семинарында Ортақшыл ауылында 60 адамға дәріс берілетін болады.
Ауыл тұрғындарына семинарды қаржы эксперті Айгүл Тулекова өткізеді.
Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 1410 адамды оқыту жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
30 қыркүйек 2024 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031