Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы бойынша қоғамдық қабылдауы өткізілді. Қабылдауға «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы эксперті Айгүл Толекова қатысып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында партия жобасының маңыздылығын атап өткен болатын:
«Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды. Бұл ретте «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет». Партия алаңында өткізілген қабылдау барысында жобаның алғышарттары тұрғындарға түсіндіріліп, несие немесе займдар бойынша жаңа кестеге шығу немесе банкроттық деп танылу жолдары және 2,5 пайызбен несие алу бойынша кеңестер берілді.  Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндікке тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында партия филиалы аталмыш бағыттағы шараларды жалғастыратын болады.  Айта кетейік аудан бойынша жыл аяғына дейін 1410 адамды оқыту жоспарланған болса, қазіргі таңда 980 адам оқытудан өтті.


23 тамыз 2024 ж. 101 0