Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте үш мәселе қаралды

Мәжілісте үш мәселе қаралды

Сейсенбі күні аудан әкімі Н.Мақұлбековтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, сала мамандары, БАҚ өкілдері мен Zoom платформасы арқылы ауыл әкімдері қатысты.
Мәжілістегі ең маңызды мәселе 2021 жылдың 9 айында игерілген қаржының есебі болды. Бұл туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қанат Рахманбердіұлы баяндама жасады.
Аудандық бюджеттің кірістері ағымдағы жылдың 1 қазанына 15 956 845,6 мың тенгеге жоспарланып, толығымен орындалған. Оның ішінде өз кірістеріміз 2 167 971,0 мың теңгеге жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен 2 637 380,8 мың тенгеге, немесе 121,7 процентке орындалса, аудандық бюджеттің шығыстары 9 айға 16 609 084,5 мың теңгеге жоспарланып, ол 99,9 процентке орындалды, – деді сала басшысы.
Екінші мәселе бойынша «Вакцина егу жұмыстары туралы» Шиелі ауданаралық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Әмір баяндама жасады. «Аудан бойынша жалпы 18-69 жас аралығындағы халық саны – 44062-ні құрайды. Соның ішінде – 38026-ы вакцина салуға жоспарға алынған. Ал, наурыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ауданнан І компонентін алғандар саны – 29889 болса, ал II компонентін салдырғандар саны – 23702 адамды көрсетеді» – деді бас дәрігер. Сондай-ақ, жыл басынан бері аудан тұрғындары арасынан 1274 індет жұқтырған азамат анықталған. Айта кету керек, екпе егу жұмыстары бойынша ауылдық округтер арасында Бәйгеқұм, Ақтоған, Бестам, Ортақшыл 100 процент орындаған. Ең төмен көрсеткішті Тұран, Жиделіарық, Иіркөл ауылдық округтері мен Шиелі кенті көрсетіп тұр.
Үшінші мәселе аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы – аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Айтекеева баяндады. Бүгінгі таңда аудан бойынша коронавирус инфекциясымен 1115 жағдай тіркелді. Оның ішінде 56,9 % клиникалық белгілерімен анықталса, 43,6 % симптомсыз түрін қарым-қатынас арқылы жұқтырғандары анықталып отыр. Жыл басында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11, ақпанда 19, наурызда 9, сәуірде – 119, мамырда – 98, маусым- 76, шілде-166, тамыз айларында-454 жағдай тіркелсе, қыркүйек айында 239 жағдай анықталып, эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі орын алуда. Коронавирустық инфекцияны тіркеудің жалғасуының негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда адамдар көп жиналатын орындарға бару, бетперде кимеу, сондай-ақ негізгі себептердің бірі – амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантиндік режимін сақтамауы болып отыр. Ауданда тіркелген ошақтың инкубациялық мерзімдері аяқталмай, әлі де бақылауда екенін айтты.
Індет әлі де өршіп тұр. Тіркелген жағдайлардың басым бөлігі, яғни 73,9% (825 жағдай) Шиелі кенті үлесінде. Сонымен қатар елді мекендер арасында жоғары көрсеткіш Алғабас (3,6%) 41 жағдай, Бәйгеқұм (2,9%) 33 жағдай, Жахаев (4,9%) 55 жағдай, Бидайкөл (3,8 %) 43 жағдай, Тәжібаев (2,0%) 23 жағдай, Қодаманов (2,6%) 29 жағдайы тіркеліп отыр, – дейді сала басшысы.
Елдегі ахуалды ескерген аудан әкімі Н.Мақұлбеков індетті өршітпеудің бірден-бір жолы екпе алу екендігін ескертіп, аудан халқына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ш.ШАҒДАТҰЛЫ
08 қазан 2021 ж. 741 0