Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте екі мәселе қаралды

Мәжілісте екі мәселе қаралды

Сәрсенбі күні аудан әкімі Н.Мақұлбековтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, сала мамандары, БАҚ өкілдері мен Zoom платформасы арқылы ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының «Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторинг бөлімінің басшысы-Серік Қадрияұлы баяндама жасады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 682 мемлекеттік қызмет бар, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен 173 қызмет түрі, аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен 59 қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде 21 қызмет – электронды түрде, 36 қызмет баламалы түрде, 1 қызмет ЦОН арқылы, 1 қызмет мелекеттік орган арқылы көрсетіледі екен.
Ал, сала басшысының сөзіне сенсек «2021 жылдың 6 айында 15852 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мелекеттік қызметтер саны – 2025. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 9512. Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 4315. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 2021 жылдың 6 айы бойынша 66,8 процент» деді.
Сондай-ақ, баламалы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың 6 айында -7082 қызмет көрсетілсе, электронды түрде – 4731 қызмет көрсетілген. Бұл жоғарыда атап өткендей 66,8 процентті құрайды. Алайда, меже 70 процентке жетуі керек. Осыны ескерген аудан әкімі сала басшысына қатаң тапсырма жүктеді. 9 айлық көрсеткіште бұл олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік берді.
Ал, екінші мәселе бойынша 2021 жылға ұлттық санағының өту барысы туралы аудандық статистика басқармасының басшысы Алтынкүл Қожамжарова баяндады. Санақ – тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде міндетті түрде өткізілуге тиісті шара. Себебі, санақ 10 жылдағы даму деңгейін, сандық тұрғыдан көп мәселелерді айқындап беруге мүмкіндік береді. Сол арқылы қоғамда халықтың өсуі, тұрмыс жағдайы, экономикасының дамуы – бәрі санақ арқылы анықталады.
Биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық халық санағы өтеді. Бұл – еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өткелі отырған үшінші санақ. Бұл санақ алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді болмақ. Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Қазіргі таңда 105 құжат қабылданды, оның ішінде 85 үміткерге әңгімелесу жүргізілді 79 адам әңгімелесуден өтіп жұмысқа дайын. Кент, ауылдық округтерге Санақ жұмыстарына 2 нұсқаушы бақылаушы, 35 интервьюер маманы қажет. Кент бойынша 26 санақшы. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 55 адам құжат тапсырды. Вакцинациядан 51 адам өткен. Ұлттық халық санағының ерекшелігі электронды форматта өткізілуінде болғандықтан бірінші кезекте бюджеттік сала қызметкерлерін олардың отбасын санақтан онлайн өткізілуін 15 қыркүйекке дейін өту қажет,-деді А.Қожамжарова.
Сондай-ақ, 2021 жылғы Ұлттық халық санағы аясында азаматтарға олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайларының жай-күйі және т.б. туралы 91 сұрақ қойылады. Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылаушы сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады; 8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғынүй жағдайы, 60 сұрақ жеке басына қатысты болады жәнет.б. Санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптасатынын, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есептері жүргізіледі.
Санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады. Азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады.

Шапағат Тілеубаев
10 қыркүйек 2021 ж. 510 0