Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды

Арал ауданында 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрмұхамед Бохаев аудандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі туралы онлайн форматта есеп берді.
Арал ауданында биыл 8 айда 17487 қызмет көрсетілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызмет 83,3 пайызға, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет 63 пайызға және Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген қызмет тиісінше 10 пайызға азайған.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары 2 кент, 21 ауылдық округ әкімі аппараттарында, аудандық мәдениет үйінде, орталық кітапханада, жастар ресурстық орталығында және 45 мектепте ашылып, «e-gov» электронды порталы арқылы қызметтер алуға жағдай жасалған. Мемлекеттік мекемелер ғимаратында сервистік әкімдік жұмыс жасап келеді. Онда Арал қаласы әкімі аппараты, жер қатынастары бөлімі және мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері тұрғындарға қызмет көрсетеді», - деді Н.Бохаев.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
07 қазан 2020 ж. 784 0