Қордаланған мәселе қоғамдық кеңесте көтерілді
Аудандық ардагерлер үйінде қоғамдық кеңес отырысы өтті. П.Архабаев төрағалық еткен отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері мен бірқатар бөлім басшылары қатысып, өңірдегі өзектілігін жоғалтпаған күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралды. Ал, кеңесте көтерілген мәселелер жайлы төменде тарқатып айтатын боламыз.
Күріш өнімі 55 центнерден келеді
Алдымен аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шарушылығы саласы бойынша егін орағына дайындық барысы жайлы ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбековтің баяндамасы тыңдалды. Өздеріңізге белгілі биыл аудан көлемінде 30189 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Соның ішінде сыр салысы күріш дақылын егуге 12039 гектар үлестірілген. Қазір барлық күріш алқабының суы байланып, егіннің 98,2 проценті орылған. Сарапшылардың сөзіне сенсек биыл аудан егіннен 50-55 центнерден өнім алуы керек. Диқандардың ала жаздайғы еңбегінің нәтижесі де жаман емес, қазір шаруашылықтардағы қырмандарға алғашқы астық түсіп те жатыр. Биыл аймақта су тапшылығының орын алуы шаруашылық құрылымдары үшін оңайға соқпады. Сәйкесінше, өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір төмен болды. Баяндамада көрсетілген сандарды сөйлетер болсақ, ысырапсыз толық жиналыған бидайдан 1590 тонна өнім алынған. Жоңышқаның екінші-үшінші орымдарынан 30 центнерді құраса, арпа дақылы 20 тонна. Көкөніс, бақша дақылдарын да жиып-теру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін қоржынға түскен көкөністің орташа көрсеткіші 190-200 центнерден болса, бақша өнімдері 200 центнерді құраған. Ал, мақсарыны жинау әлі жалғасып жатыр.
Жолдың жайын «Нұрлы жол» шешеді
Келесі кезекте сөз алған тұрғын үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман, өңірде жол жүрісі және жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқтап өтті.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданда 80 км республикалық, 98 км облыстық, 145,4 км аудандық барлығы 323,4 км автомобиль жолдары бар. 2021 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жөндеу жұмыстарына 650,6 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін 20,1 км жол жөнделетін болады. Ал, аудандық маңыздағы 90 км автомобиль жолдарын күтіп ұстау және кент, ауыл ішілік 31 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 392624,8 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауданда барлығы 31 дана бейнебақылау камералары болса, оның 30 проценті жұмыс істеп тұрған жоқ. Біз бұл тұста қарап қалмай туындаған мәселені ағымдағы күтіп ұстау жұмыстары кезінде қалпына келтіріп, камераларды іске қосатын боламыз, – деді Д.Аман.
Аудан тұрғындары
көгілдір отынына 28 миллион теңге қарыз
көгілдір отынына 28 миллион теңге қарыз
Аудан бойынша 7309 абонент жеке тұлғалар және 258 заңды тұлға газ жүйесіне қосылған, оның ішінде Жахаев ауылында 409, Бидайкөл ауылында 298 және Байсын елді мекенінде 98 абонент көгілдір отын пайдаланып отыр. Жахаев ауылы жеке тұлғаның инвестиция салу арқылы 2018 жылы газ жүйесіне қосылса, дәл осындай жеке мердігер мекеме арқылы Бидайкөл ауылына газ құбырларын тартып, ауыл 2019 жылы газ жүйесіне қосыла бастады. 2020 жылы мемлекет қаржысына Жаңатұрмыс елді мекені газдандырылды. Н.Бегежанов ауылы квартал ішілік газ құбырларын жүргізіп болып, бүгінде газға қосылу шараларынының ең соңғы жұмыстарын аяқтап осы айдың соңына дейін газ жүйесіне қосылу көзделген. Осы жылдың соңына дейін Қодаманов ауылы да газ жүйесіне қосылу жоспарлануда, қазіргі таңда ауыл арасында газдандыру-құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме жүргізуде, – деді аталған саланың маманы.
Жалпы, ауданда 11,3 км жоғарғы қысымды, 31,7 км орта қысымды газ құбыры 22,7 км төменгі қысымды газ құбырлары арқылы тұрғындарға көгілдір отынды тоқтаусыз жеткізіп отыр. Газ шаруашылығында газ құбырларының эксплуатацияға жарамдылығына жауапты 5 маман және халықпен жұмыс жасайтын 8 бақылаушылар, техникалық қызмет көрсеттетін 2 слесарь қызмет атақарады.
Биыл жарық бағаналарын орнатуға 23 млн 800 мың теңге қаржы қаралған
Байқасаңыздар, соңғы уақытта кентте түнгі жарық шамдары көше бойына қарқынды орнатылып жатыр. Бұл көріністі шалғай ауылдардан да жиі байқап жүрміз. Міне осы диодты жарық бағаналардың орнатылуы мен іске асуы кеңес отырысында талқыланды. Мәселен, былтыр ДКЗ арқылы 189 дана бағана орнатылып, 525 дана жарық диодты шамдар ауыстырылған. Ал, 2021 жылы жергілікті бюджеттен түнгі жарық бағаналарын орнатуға 23 млн 800 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес, жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «АҚ-ЮГ Құрылыс» ЖШМ-С-мен 2021 жылдың 1 маусымында №69 келісімшарт жасалынып, Шиелі кентінің 7 көшесі мен 5 тұйық көшелеріне түнгі жарық бағаналары орнатылған. Сонымен қатар, кент тұрғындарының өтініштеріне сәйкес аудандық бюджеттен 50 млн қаржы қаралып, Шиелі кентінің 23 көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары жоспарлануда.

Иә, қоғамдық кеңес отырысында таза ауыз суға қатысты да мәселелер көтеріліп, кеңес мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Бөлім басшылары тарапына айтылған сын-ескертпелерді де құлағымыз шалып қалды. Ал, сыннан нәтиже шығару нағыз шеберлік. Көрейік. Уақыт берейік.
Елдос Жүсіп