Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілсіз жаумен күрес тоқтамауы тиіс

Тілсіз жаумен күрес тоқтамауы тиіс


Аймақта жыл басынан бері 19 суға кету жағдайы тіркелген. Тілсіз жаудың құрығына ілінгендердің 70 пайызы, яғни 13-і кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Суға түсу маусымы басталғанына көп болмаса да биылғы орын алған апатты оқиғаларды былтырғы жылмен салыстыра алмайсың. Иә, өткен жылы суға кетіп ажал құшқандардың қатар аз дей алмаймыз. Былтыр дәл осы уақытта облыста 15 адам суға кетіп, қаза болған. Дейтұрғанмен осы жылмен салыстырсаңыз сәл де болса иман таразы. Судағы сақтық шаралары дұрыс насихатталмауы себеп пе, әлде адамдардың өз өміріне бей-жай қарап, ішімдік ішіп суға түсуді үрдісіне айналдырды ма? әйтеуір биыл суға түсіп мерт болған ересек азаматтардың қатары 26 пайызға, ал балалардың суға кетуі 2,6 есеге артқан.
Тілсіз жаумен күресу мақсатында өткен айда облыс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтіп, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне және тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілген еді. Міне, содан бері аймақта төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында біршама тындырымды жұмыстар атқарылып келеді. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев берген мәліметке сүйенсек, осы уақыт аралығында өңірде суға шомылатын жерлерді анықтап, жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып талаптарға сай коммуналдық жағажайлар ашу пысықталған. Осылайша аталған департамент адам өміріне қауіп туғызатын жабайы суға түсу орындарының санын анықтап, ол маңға судағы қауіпсіздікті сақтау туралы арнайы билбордтарды орналастырған. Сондай-ақ, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейдтер ұйымдастырып, арнайы ЛЭД экрандар арқылы судағы қауіпсіздік жайлы видеороликтер көрсетуді қолға алған. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен суға түсуге қауіпті аймақтарға 188 ескерту тақтайшалары орнатылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, халық арасында үгіт-насихат және қауіпті учаскелерге бақылау жүргізуді қолға алынған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан күнделікті сағат 13:00-ден кешкі 20:00-ге дейін рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
Төтенше жағдайдың алдын алып, оны болдырмау барысында ауданда да ауқымды жұмыстар істеліп жатыр. Республика бойынша жасанды немесе табиғи түрде пайда болған шұңқырларды, бедерлі ойықтарда (шұңқырлар, арықтар, жыралар және т.б) балалардың қаза болу жағдайлары да тіркелуде. Осы орайда, дүйсенбі күні аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы топ құрылып, оның құрамына кент әкімдігінің қызметкерлері, құрылыс бөлімінің мамандары, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Бақытжан Айдаров кірді.
Арнайы топ кент аумағындағы көшелерді аралап, заң бұзушылықтарды байқады. Әсіресе, Қазантаев тұйығында ауызы дұрыс бекітілмеген бірнеше кәріз құдығын анықтады. Осылайша кәріз құдығының жабылмауы себебінен балалардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлардың алдын алды.

Елдос Айтөреұлы
25 маусым 2021 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930