Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға шомылушыларға кеңес

Суға шомылушыларға кеңес

Су – тіршілік көзі, ол болмаса адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес. Сонымен қатар ата-бабаларымыздың «от пен су – тілсіз жау» деген ескертулерін есімізден шығармауымыз керек. Жыл сайынғы көрсеткіштерге қарасақ елімізде адамдардың жазғы суға түсу маусымында қаза болу оқиғалары азаяр емес.
Аудан бойынша статистикаға сүйенетін болсақ, 2017 жылы 2 адам, 2018 жылы 1 адам жазғы суға түсу маусымында қаза болды. Осы 3 жағдай да Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінде орын алды.
Бұл азаматтардың қайғылы оқиғаға ұшырауының басты себебі тыйым салынған және қауіпті жерлерде суға шомылуы болып отыр. Яғни суға шомылу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған.
Қазіргі таңда көптеген көл-тоғандар жекелеген шаруа қожалықтарға ұзақ мерзімге жалға берілген. Осы шаруа қожалықтардың иелері өздеріне бекітілген су қоймаларында, көлдерде азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, қауіп- қатерлердің алдын алулары шарт.
Егерде суға шомылуға барсаңыздар, Шиелі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі келесі ережелерді ескертеді:
– суға ауаның температурасы 25 градус, судың температурасы 20 градус болғанда ғана шомылыңыз;
– арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылу қажет;
– суға ақырын түсіңіз, таяздау жерге барғанда тоқтап, басыңызды суға сүңгітіп алыңыз;
– судан әлсін-әлсін шығып демалыңыз;
– ауа райы салқын кезде суға шомылуға болмайды;
– қол-аяқ тырысқанда үрейленбей, су бетінде болуға тырысыңыз, айқайлап көмек сұраңыз;
– судың қатты ағынына тап болғанда, ағынға қарсы жүзбей, ағыс бойынша жағаға қарай жүзіңіз;
– арақ-шарап ішіп, суға түсуге қатаң тыйым салынады;
– егер шаршасаңыз тез арада судан шығыңыз;
– сізге таныс емес жерге суға секірмеңіз;
– терлеп тұрғанда және қараңғы уақытта суға шомылуға болмайды;
– суға шомылғанда допты, тақтайларды пайдалануға болмайды.
Жоғарыда көрсетілген оқиғаларға тап болған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Шиелі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі.
03 мамыр 2019 ж. 1 367 0