Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ


Дүйсенбі күні «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Шиелі аудандық филиалында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшелері архив қызметкері Н.Төлешова, Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Махан және аудандағы ерікті жастардың қатысуымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мақсатында архив қоймасындағы қорлармен, сурет, құжаттарымен танысып, экскурсия жасады.
Экскурсия барысында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ елінде орын алған саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдары қарастырылады. Шараның басты мақсаты – жазықсыз жапа шеккен ұлт жанашырларын еске алып, жас­тарды патриоттыққа баулу, айтулы азаматтардың істерін, тарихын таныстырып қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ көш басшыларын еске алу болды.
Бүгінгі таңда, Ұлттық архив қорында аудандық атқару комитетінің 1936-1985 жылдар аралығындағы құжаттары сақтаулы болса, Шиелі аудандық филиалында 1986-1993 жылдар аралығындағы деректер сақтаулы. Бір өкініштісі, аудандық филиалының қызметкерлері саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар жайлы деректердің архив қорына түспегендігіне байланысты мәлімет бере алмайтындығын айтты. Дегенмен, 1944-1945 жылдарда жер аударылған азаматтардың тізімдері архив қорында бар. Олардың ішінде 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған – 95 азамат, 1945 жылы жер аударылған 681 азамат бар.
Аудандық филиалға Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларынан сая­си қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар жайлы сұраныс хаттар да жиі келеді. Оның 1-еуі Шиелі аудандық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің қорынан қанағаттанарлық жауап қайтарылған.

А.МҰРАТҚЫЗЫ
18 маусым 2021 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930