Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз талай «тар жол, тайғақ кешуден» өттік

Біз талай «тар жол, тайғақ кешуден» өттік

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Осылайша жазықсыз жазаланғандар әр құрбанның атын өшірмеуге бекінді. Әрине, бұл – құптарлық іс. Өйткені, тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болады.
Қ.Тоқаев тағы бір сөзінде «Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз» деді. Демек біз саяси қуғын-сүргін кезінде ұлт үшін басын жауға да, дауға тіккен қандастарымызға шексіз алғыс айтуымыз керек. Осы орайда Қазақстан біршама істі де атқарып келеді. Мәселен, 1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң» қабылданса, 1997 жылы Елбасы Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Енді таяу күнде құрылып, жұмысына кірісетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия біршама арыстарымыз туралы мәлімет жинақтап, өскелең ұрпақты тарихтың қойнауына бүккен сырымен таныстырады деген сенімдеміз.
Өсербек ТӨРЕБАЙ,
Аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры.
30 мамыр 2020 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728