Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы қоңырау - 2021"Алтын белгі" иегерлерінің саны бойынша рекорд жаңарды

Соңғы қоңырау - 2021"Алтын белгі" иегерлерінің саны бойынша рекорд жаңарды

Биыл мектеп бітірушілердің арасында 9 738 түлек "Алтын белгі" алды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2%-ін құрайды

Қазақстанда "Алтын белгі" иегерлерінің саны рекордтық көрсеткішке жетті. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша он мыңға жуық түлек "Алтын белгі" иегері атанды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл мектеп бітірушілердің арасында 9 738 түлек "Алтын белгі" алды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2%-ін құрайды. Олардың басым бөлігі мұғалім мамандығын таңдап отыр.

Үздік түлек атанғандар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында тұр. Мұнда 1 856 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Содан кейін Алматы (1 432 түлек) және Шығыс Қазақстан (738 түлек) облыстары тұр.
"Алтын белгіге" үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарады, деп толықтырды министрлік.
Айта кетейік, 2019 жылы 7 349 оқушы "Алтын белгі" алса, 2020 жылы 8 615  оқушы ерекше төсбелгі иесі атанды.

17 маусым 2021 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031