БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлының төрағалығымен өткен Саяси кеңесі Бюросының отырысында Шиелі аудандық "Жастар Отанға" бағдарламасын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды.
Аталған Жол картасында аудан жастарының азаматтық белсенділігін көтеру, сапалық білімін көтеру, жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын жұмыстары ұсынылып бюро мүшелері тарапынан жан-жақты пысықталып, бекіту бойынша қаулы қабылданды.
Бюро отырысын қорытындылаған Қамбарбек Амангелдіұлы Жол картасын жүзеге асыру жөніндегі нәтижелер көрсеткіштерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.