Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Керделіге көгілдір отын кіреді

Керделіге көгілдір отын кіреді


Кеше өңірге облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов арнайы іс-сапарымен келіп, ауданда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан газ, транспорт, көпір нысандарын аралады. Облыс әкімінің орынбасарын аудан әкімі Қамбарбек Мүбәраков күтіп алып, құрылыс нысандарының жай-жапсарымен таныстырды. Жұмыс сапары Жаңақорған ауданын басталған меймандар түс ауа Н.Бекежанов ауылына ат басын бұрды.
Биыл нартайлықтар машақаты көп от жағып, күл шығару жұмыстарынан боса­ғалы тұр. Ауылды газдандыру бойынша 2020 жылы желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған болатын. Бас мердігер «Транс Азия Констракшн» ЖШС қолға алған елді мекенді газдандыру жұмысына бюджеттен жалпы сомасы 374 млн 661 912 теңге қаржы бөлінген. Жоба бойынша 2 дана – газ реттегіш пункті (ГРПШ), 32,1 км – төменгі газ қысымды газ құбыры, 0,36 км – жоғарғы қысымды газ құбыры салынған. Бүгінде жұмыстың 95 про­сенті орындалып, 2021 жылдың тамыз айында нысанды пайдалануға беру жос­пар­­лануда. Авторлық қадағалаушы «ДосСтройПроект» ЖШС-сі мен Техникалық қадағалаушы «Асқартау-2016» ЖШС-ның рұқсатын күтіп отыр. Егер жұмысты техни­ка­лық тексеріс таза деп шешсе тамыз айын­­да Бегежанов ауылы толық көгілдір оты­ны­мен қамтылатын болады. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов мердігер компания басшыларына газдандыру жұмысы салғырттықты көтермейтінін, бұл іске асқан жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Сондай-ақ, мердігерлерді жұмысқа ке­дер­гісін тигізіп тұрған қандайда бір мәсе­ле болса ашық айтып, ортақ талқылауға ша­­қырды.
С.Сүлейменовтің келесі сапары жыл басында тұсауы кесіліп, халық игілігіне берілген аспалы көпір мен Телікөл мен Бестам ауылдық окрутерін жалғап тұрған көпірде жалғасты. Бүгінде авариялық жағдайда тұрған бұл көпірге қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Егер құжаттары толық дайын болса, көпір құрылысына аймақ бюджетінен қаржы сұралып, осы жылы құрылыс жұмысын бастау да жоспарда бар.

Елдос Жүсіп
18 мамыр 2021 ж. 584 0