Құрылыс нысандарын аралады
Сейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ауданда жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында аудан ахуалымен танысып, бірнеше нысанды аралады. Облыс әкімінің орынбасары әуелі құны 104 млн 323 мың теңгені құрайтын үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысты. «СМП-Қызылорда» ЖШС бас мердігерлік еткен құрылысты қазіргі уақытта аяқталуға жақын. Келер жылдың соңына дейін «Жабдықтау» ЖШС арқылы дәл осындай үйдің төртеуі тұрғындарға табысталады деп жоспарлануда.
Облыс әкімі орынбасарының іссапары мұнан соң Береке шағын ауданында салынып жатқан 3 бөлмелі 25 тұрғын үй құрылысына қарай бағытталды. Аталған құрылыстың жалпы құны 233 млн 870 мың теңгені құрайды. Бұған да «СМП-Қызылорда» ЖШС компаниясы жауапты. Айта кету керек, аталған көппәтерлі тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында іске асуда. Сондай-ақ жоғарыда аталған үйлер әкімдікке үй кезегіне тіркелген азаматтарға, соның ішінде алдымен көп балалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға реттілігі бойынша табысталады.

Күнделікті тіршіліктің тынымсыз қозғалысы үшін көпірдің маңызы зор. Сондықтан қандай мемлекет болсын көпір құрылысына аса мән береді. Осы орайда ауданда сапасы сын көтермейтін ауыл ішіндегі көпірлерді жөндеу жұмысы қолға алынғаны белгілі. Осылардың ішінде ең маңыздысы – «Шиелі – 20 бекет» аралығындағы 2945 шақырымдағы теміржолдың үстінен көпір салынуы. Аймақ басшысының орынбасары С.Сүлейменов сапар барысында көпір құрылысын да назардан тыс қалдырмады. Көпті алаңдатқан көпір құрылысы маусым айында басталған болатын. Сметалық құны 644 млн 820 мың теңге тұратын жобаны «Стандарт ОИЛ» мекемесі жеңіп алған еді. Қазіргі таңда жауапты мердігерлер құрылысты аяқтауға жақын. Құрылыс аумағында 70-80-ге жуық адам еңбек етуде. Оның ішінде 40 жұмысшы жұмыспен қамту орталығынан қамтылған. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дана Аманның айтуынша, көпір жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Құрылыс нысандарын аралау жұмысы аяқталған соң аудан әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, аудан әкімі Қ.Мүбараков және сала басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында өңірдің өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, оны шешу жолдары сараланды. Сондай-ақ жол және жылу туралы сөз қозғалды. Тұрғын үй құрылысының қарқыны мен сәулеттік кескіні де назардан тыс қалмады. Бұл орайда сала басшылары жұмыстардың жоспарға сай атқарылып жатқанын жеткізіп, межелі жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатынын айтты.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА