ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ
1941 жылдың маусымында басталып, бес жылға созылған сұрапыл соғыс ешкімді де, аяған жоқ. Жеңіс туын желбіретуге соғыс кезіндегі Кеңес Одағының құрамында болған қазақ елінің азаматтары елеулі үлес қосты. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, 1 миллион 200 мың азамат соғысқа аттанды.
Соғысқа кеткен майдангер аталарымыздың басым көпшілігі еліне орала алмады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ барлық майдан жерлерінде фашисттерге қарсы қиян-кескі шайқас жүрді. Тарих қойнауына сыр шертер болсақ, Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы және 50-ге жуық полктер мен батальондар құрылды. Мәскеу түбінде ұрыстарда қазақ халқының ержүрек ерлері ерлікпен шайқасты.
Бауыржан, Мәлік бабаларымыз бен мыңдаған батырлар «елім, жерім» деп бастарын бәйгеге тікті. Әрине, тарих беттерінде аздаған адамның ғана есімі аталады. Дегенмен, бұл соғыс миллиондаған адамның қанымен келгенін ұмытпауымыз керек. Ұлы Отан соғысында Қазақстан ірі майдан арсеналы болды. Жауынгерлерді астықпен, киім-кешекпен, қару-жарақпен және түрлі қажетті заттармен қамтамасыз етті. Ең ірі бір себеп соғыста атылған әр он оқтың тоғызы Қазақстанда шықты. Бұл дегеніңіз қажырлы да, қайратты еңбек. Астық бойынша ақ күріштен Ы.Жақаев, тарыдан Ш.Берсиев өздерінің үлесін зор қоса білді. КСРО-деңгейінде астық өсіруден рекорд орнатып, майданға тонналаған астық жіберді. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Елім деп езіліп, Жұртым деп жұмылып қызмет ет» деген сөзін толық орындай алды. Өжет қазақ қыздары қолына қару алып, майданға аттанды. Әлия мен Мәншүк апаларымыздың батырлығын айтпай кетпеуге болмайды. Жаудың сағын сындыра біліп, қайсарлықпен күресті. Соғысқа жарамай елде қалған азаматтар майданға вагон-вагон киім, азық-түлік жіберіп отырды. Тіпті, күніне 14 сағатқа дейін жұмыс істеген аналарымыз ер азаматтардың орнын жоқтатпай қайсарлық танытты.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соғыс жылдарында Қазақстанға көшірілген жүздеген өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда мыңдаған отандасымыз еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Ауыл халқы жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін аянбай тер төкті. Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық» деді. Әрине, біз ата-апаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Бүгінгі күні жеңіске жастар үлкен құрметпен қарайды. Мемлекет тарапынан түрлі қолдау болып, батырлардың атын өшірмеуге түрлі ұтымды істер жасалып жатыр. Жыл сайын майдангерлерге арнап, тиісті құрмет көрсетіліп, барша елге патриоттық сезімді ұялатуға зор мән берілуде. Биыл ұлы жеңіске 76 жыл толып отыр. Бұл тарих толқында біршама уақыт. Қаншама боздақтар еліне аман оралмай мерт болды. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман өтіп, өзінің кең байтақ жерін ұрпаққа аманаттау үшін, бұл жолда бабаларымыз үкілеген үміттерін ақ найзаның ұшына үкі ғып тағып осыншама кең байтақ даламызды қорғап, бізге тәуелсіз еліміздің азаттық туын алып берді. Жеңіс ол жай ғана сөз шығар, бірақ оның астарына үңілетін болсақ, қаншама қан, қаншама тер жатыр. Біздің осынау ұлан ғайыр жерде жүргеніміз әлбетте сол кісілердің ерен ерлігі. Жеке тұлға ретінде бабалар есіміне тағзым ету әрбір қазақтың ғана емес, КСРО кезіндегі ұлттардың міндеті деп санаймын. Көк туымыз көкте желбіреп, егемендігіміз еңселі болғай.
Айбек БЕРІКБОЛҰЛЫ
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің оқушысы