МІНЕКЕЙ МЕЙІРМАННЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ
Кеше аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов "Мінекей Мейірманның ізбасарлары" атты әзіл-сықақ отауларының республикалық байқауының ашылу салтанатына қатысты.
Биыл Мейірман Нүрекеевтің 75 жылдық мерей тойы аудандық мәдениет үйінде атап өтті. Айтулы шараға облысымыздағы аудандармен қатар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарынан барлығы 15 әзіл-сықақ отаулары келіп қатысты.
Тамашаның тарланы, әзіл әлемінің майталманы Мейірман Нүрекеевтің сомдаған рөлдері әлі де қалың көрерменнің көз алдында. Өнер иесі бала күнінен өнерге жақын болған. «Тамашаны» «Тамаша» еткен, Мейірман Нұрекеев сахнада өзіндік үйлесім тапқан өнер иесі. М.Нүрекеевтің бейнеленген образдары да ерекше.
Ел мақтанышына айналған арда азаматтарымыз осы Киелі мекен – Шиелі өңірінен түлеп ұшқан. Талантты өнер иесі артында өшпейтін із қалдырды. Ауданымыздан түлеп ұшқан осындай ардақты азаматтарымыз жетерлік.