Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмада жаңа көлік мінді

Жұмада жаңа көлік мінді


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қуанышты жаңалықтың кәусі болдық. қасиетті жұма күні Жақаев аулының имамы Ораз қажы Мысырқанов темір тұлпардың кілтіне ие болды.
Иә, жағымды жаңалыққа шиелілік жамағатта қуанды. Ауылдағы ағайынды ауызбіршілікке шақырып, жастарды жат қылықтан сақтап, имандылыққа тәрбиелеуде Ораз қажының еңбегі өлшеусіз. Үнемі Хақ жолынан жаңылмай, 7 жылға жуық Жақаев ауылының имамы қызметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ауылдың үлкені мен кішісіне сыйлы, өзі де өзгені сыйлаудан таңбаған Ораз қажының Ұлыстың ұлы күнінде үлкен сыйға ие болуының өзі игілікті іс емес пе?
Көптеген игілікті істердің барсы қасынан табылып, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға қолдан келгенше көмегін аямайды. Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиеттен айнымайды. Ауыл тұрғындарының үнемі имамның жасаған жақсылығы мен үгіт-насихатының тұла бойды шымырлатып жіберетінін айтып отырады. Бәлкім сол қайырлы істердің қайыры болар, барлық кезде игі істі, ізгі жолда жүрген жанның бірі Мұхаммед қажы Шомпиев Ораз қажыға халықтың, сондай-ақ ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаевтың алдында «Toyota Highlander» автокөлігінің кілтін ұстатып, осы уақыт ішінде ел үшін атқарған жұмысына алғысын білдірді.

Ш.ТІЛЕУБАЕВ
20 наурыз 2021 ж. 517 0