Еңбек – таразы, халық – қазы
Қаңтар айының 29 жұлдызында басталған ел алдындағы атқарылыған жұмыстардың қорытынды есебін жұма күні аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде қорытындылады. 2020 жылы аудан көлемінде іске асқан жұмыс барысын сараптаған есеп беру жиыны 22 ауылдық округті қамтыды. Оның біршама бөлігі аудандық басылымның өткен сандарында жарық көрді. Ал аудан әкімінің есебі «Өскен өңірдің» №5, 19 қаңтар күнГі шығарылымында толығымен жарияланған болатын. Сол себепті өткен жылға арналған есептің бүге-шүгесін қайталамай, бас мәдениет үйінде ұйымдастырылған іргелі жиында аудан халқы атап өткен мәселелерді назарға ұсынбақпыз.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтай отырып өткізілген қорытынды есепке ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары мен тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтай отырып өткізілген қорытынды есепке ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары мен тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Өңір басшысы өз есебін әуелі індет жайлаған уақытта халықтың, ел азаматтарының ынтымақтаса отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршілік, түсінністік танытып, әлемді әбігерге салған вирусқа қарсы бірігіп әрекет еткен жұртқа алғысын айтты. Одан кейін осы індет кезінде көз жұмған жандардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мінберге шығып сөз бастаған Қ.Амангелдіұлы ауданның өткен жылғы экономикалық жетістіктерін, Шиеліге тартылған қаржылардың игерілу барысын, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласындағы қол жеткізген жетістіктер, көркейту-көгалдандыру,инфрақұрылым,әлеуметтік тұрақтылық бағыттарында атқарылыған толағай тірліктерді тілге тиек етті. Есепті жиынға қатысқан халыққа атқарылған, жұмыстар барысы слайд арқылы үлкен экранда нақты есептік көрсеткіштер мен алдыға тартылды. Кентішілік және ауылдық округтер мен елді-мекендерге тартылған ауыз су, жол, жарық, газ, интернет желісі мен жаңадан салынған һәм күрделі жөндеуден өткен нысандар, ел игілігіне пайдалануға берілген көпір,тұрғын үй, мектеп, бала-бақша секілді әлеуметтік маңызды обектілер мен оларға бөлінген қаржы-қаражаттың көлемі айтылды. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деп өскен ұлттың ұрпағымыз. Тышқан жылы тек қазақтың ғана басына емес жаһан жұртына қиын тиді. Деседе қиын жылдан қиюын келтіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру білікті басшының ғана қолынан келсе керек. Індет әлі толық жойыла қойған жоқ. Экономикада тұрақтылықты сақтау орасан зор күшке түсетінін экономист сарапшылардың пайым-пікірінен біліп, естіп жүрген жұрт көңілі алаң болатын. Дегенмен осынау жиында алдағы жылға жоспарланған жұмыстар мен бөлінетін қаржылардың көлемін естіген жұрт елең етпей қалмады. Құдай қаласа сиыр жылы шиеліліктер үшін толағай табысты жыл болады деп сенеміз. Шиеліге миллиардтап қаржы бөлінетіндігін естідік. Бірнеше ауылдық округтерге газ құбыры тартылмақ. Жол жөнделмек. Әлуметтік нысандар,тұрғын үйлер бой көтермек. Бизнеске,кәсіпкерлікке кең қолдау білдірілмек. Есепті жиынды жұртшылық ынта қоя тыңдап, ықылас таныта қолдап, қол шапалақтап отырды. Бұл аудан әкімінің ісіне елдің берген оң бағасы деп білдік.
Сонымен есепті жиынның соңын ала Қ.Амангелдіұлы халықтың ұсыныс-пікірін тыңдады. Көптің ішінен бірқатар азамат ортаға шығып, толғандырып жүрген мәселелерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
Мәселен, «Шиелі аналар» қоғамдық қорының негізін қалаушы Гүлзинат Сағындықова «Менің айтатын ұсынысым аудан халқына өте керекті деп ойлаймын. Ауданда жаңадан аудандық емхана соғылды. Менің естуімше ауданда 83110 халық тұрады екен. Дегенмен бізге МРТ, КТ аппараттары керек. Өйткені инсульт алған кісілер Қызылорда қаласына барады. 2 сағат жолға кетеді. Ол жаққа жағдайы ауыр науқасты апарып келу өте қиын мәселе. Сондықтан осы ұсынысты қабыл алсаңыздар келер жылдары алерголог, уролог, дерматолог, КТ, МРТ мамандары керек» деді.
Байсындықтардың басты мәселесі ескі мектеп екен. Оны Байсын ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ергеш Бекпенбетов айтты.
– Байсын елінде Пердәлі Архабаев ағамыз депутат болып сайланған уақытта көшелерге асфальт төсетіп, су жүргізіп берген еді. Одан кейін бірнеше жылдар өтті. Ауылда ауқымды істер толастап қалған еді. 2020 жылы өзіңіз келіп, пандемияға қарамастан 6 айдың ішінде 5 көшеге асфальт төселіп, балалар ойын алаңы салынып, ауылымыз айтарлықтай көркейіп қалды. Келесі жылдары ауылға 220 жаңа отбасы қоныстанады деп естідік. Бұл әрине шағын ауылдың кеңейіп келе жатқандығын көрсетеді. Тағы бір айта кетерлігі 2020 жыл ауылға газ кіріп, пеш жағудың машақатынан құтылдық. Сізге үлкен алғыс білдіремін! Десе де мені алаңдатып жүрген бір мәселе бар. Біздің ауылда ескі мектеп әлі де жұмыс істеп тұр. Бұл мектеп ертеректе менің бала кезімде асар әдісімен жұмбаз кесекпен құйылып, соғылған білім ордасы еді. Балалардың қамы үшін ауылға жаңа типтегі мектеп соғылса деген арманым бар. Осы өтінішімді облыс басшысы Гүлшара Наушақызына жеткізсеңіз деймін деді.
Аудан әкімінің есебін тыңдаған иіркөлдік жас кәсіпкер Ботагөз Арқашбаева «Мен өзім жас кәсіпкермін. Кәсібімді асыл тұқымды ешкі өсірумен бастағанмын. Ең басында 4 ешкіден бастап, қазір олардың саны 100-ге жетіп отыр. Биыл Ордабасы шаруашылығымен келісімге келіп, тағы 100 ешкі әкелмекпін. 2020 жыл мемлекеттік бағдарламамен 2 миллион қайтарымсыз несие ұтып алдым. Қазіргі таңда 3 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Бұйырса мал басын 100 емес 1000-ға жеткізіп, Шиеліні ғана емес өзге аудандарды да ешкі құртымен, сүтімен қамту жоспарымда бар» деді.
Кент тұрғыны Айгүл Баймұрзаева ауданда соңғы кездері ажырасу дерегінің көбейгенін, бұл атаулы әлуметтік көмек алу, тұрғын үйге оңай қол жеткізу үшін кейбір алаяқтардың іс-әрекетімен ішінара ұштасып жататындығына байланысты екендігін білдіріп, қынжылыс танытты. Сонымен қатар осындай шетін мәселенің алдын алу мақсатында алдағы уақытта жалғыз басты аналарға әлеуметтік көмек, қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз етудің арнайы критериі жасалса деген ұсынысын білдірді.
Ал аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Пердеәлі Архабаев «Елде атқарылып жатқан жұмыстар көп. Оның бәрін көріп отырмыз. Дегенмен жылдар бойы шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Мәселен мен айтқалы отырған Сырдария өзені үстінен көпір салу мәселесі көптеген жыл бойы айтылып келеді. Осы мәселе айтылғалы 3 әкім ауысты. Қалқымалы көпірдің машақаты көп, су молайса онымен өту мүмкін болмайды. Арғы бетте 4 ауыл бар. Осы айтылған ұсынысты облыс әкіміне жеткізсеңіз. Екінші мен айтатын мәселе қарттардың қамы үшін деп біліңіз. Жас келген сайын адамда ауру-сырқау көбейеді екен. Осыны ескеріп, аудандық ауруханадан қарттарға арнайы бөлме ашуға жағдай жасасаңыз, көркейту-көгалдандыру мәселесін де назардан тыс қалдырмау керек. Кент пен ауылды абаттандыру, жасыл желекке бөлеу үшін арнайы жоспар жасалып, тиісті қаражат көздерін бөлу керек» деген тілегін білдірді. Жиын соңында аудан әкімі Қ.Мүбараковтың есебін оң бағалап, ауданның ақсақалы И.Өмірзақов ақ батасын берді.
Кенттегі кезекті мәселе
Бейсенбі күні кент әкімі Ғабит Аманжолов ел алдында есеп берді. Бір жылда атқарылған жұмыстың ауқымы турасында сөз қозғаған есепті кездесуде кенттегі келелі мәселелер қозғалды. 2020 жылдың еншісіндегі жұмыстың бірі кенттегі 21 көшені жарықтандыру жұмыстары деуге болады. Яғни Шиелі кенті бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданы мен кент көшелерінің түнгі жарық бағаналарын ауыстыру жұмыстарын қолға алған кент әкімі биылғы жылы тағы да 28 көшенің жоба сметалық құжаттарын әзірлеп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын аббаттандыру, Шиелі кенті бойынша аллеяны аббаттандыру, Тоқтаров, Бекежанов, Қоңыратбаев, Аймауытов, Әл-фараби, көшелері жаяу жүргінші жолын салу жұмыстарына республикалық бюджеттен 201 млн 777 мың теңге қаржы қаралған.
Бейсенбі күні кент әкімі Ғабит Аманжолов ел алдында есеп берді. Бір жылда атқарылған жұмыстың ауқымы турасында сөз қозғаған есепті кездесуде кенттегі келелі мәселелер қозғалды. 2020 жылдың еншісіндегі жұмыстың бірі кенттегі 21 көшені жарықтандыру жұмыстары деуге болады. Яғни Шиелі кенті бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданы мен кент көшелерінің түнгі жарық бағаналарын ауыстыру жұмыстарын қолға алған кент әкімі биылғы жылы тағы да 28 көшенің жоба сметалық құжаттарын әзірлеп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын аббаттандыру, Шиелі кенті бойынша аллеяны аббаттандыру, Тоқтаров, Бекежанов, Қоңыратбаев, Аймауытов, Әл-фараби, көшелері жаяу жүргінші жолын салу жұмыстарына республикалық бюджеттен 201 млн 777 мың теңге қаржы қаралған.
Өткен жылдың есебін, биылғы жылдың жоспарын білмекке жиылған кент тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын жолдап, шешімі табылмай жүрген түйіткілдерді тарқатты. Кент тұрғыны Баян Бекбауова Сейтенов көшесіне асфальт пен жарық керектігін жеткізді. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ана жол мәселесінің биылдан қалмай шешім табуын сұрады. Оған қоса пандемияға байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарға үкіметтен бөлінген 30 мың теңге қаржының тек 21 мың теңгесін қолға алғанын, қалған 9 мыңды әлі күнге ала алмай келе жатқандығын айтты. «Бұл мәселенің себебін білу үшін неліктен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дана Аманға жүгіну керек? Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі осы жұмыспен айналысуы керек емес пе?», – деді ол.
Кент әкімі Ғ.Аманжоловтың сөзіне сенсек Сейтенов көшесіне биылғы жылы тас төселеді. Ал міндетті төлемде кеткен олқылықтың себебін анықтап, 9 мың неліктен берілмегендігін зерттеуге уәде етті. Кент тұрғындарын қуантқан тағы бір мәселе 3 жыл бұрынғы уәденің биыл жүзеге асатындығы. Нақтырақ айтсақ Ким Ман Сам көшесін жарықтандыру мен асфальттау жұмыстарына қаржы қаралуда. Кентте жиі айтылатын ыза су мәселесі де назардан тыс қалмады. Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет «Базар арығы мен Байсары арығы бетондалған болатын. Бірақ аясыз қалды. Осы мәселе де күн тәртібіне ілінсе» деген тілегін жеткізді. Кенттегі кезекті мәселенің бірі 21 бекет бағытындағы бұрынғы «Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы «Шиелі» деген жазуы бар ескі арканы жаңалау және Шиеліге тиесілі аймаққа белгі қойып, паспортын жасау ұсынылды.
Ел тілегіне құлақ түрген есепті жиынның жауапты басшысы, яғни кент әкімі Ғ.Аманжолов пен аудан әкімі Қ.Мүбараков айтылған мәселелердің шешімін табу үшін тиісті жұмыстар жасалатындығын айтты. Жыл басында, жиын барысында білдірілген халықтың қалауын біз де қойын дәптерге түртіп алдық. Уағдалы уақыт жеткен толығырақ сараптай жатармыз.
Ауылдағы ағайынның ахуалы
Шиелі ауданы әкімі Қамбарбек Амангелдіұлының ауыл халқына есеп беру отырысы ақпанның бірі күні Досбол датқа ауылынан басталып, 3 ақпан күні Телікөл ауылымен аяқталды. Жалпы, бұған дейін айтқанымыздай әкімдердің есеп беру жиындары карантин ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтап, кездесуге қатысушылардың дене қызуы тексеріліп, басқосуға бетпердемен қатысуы бақылауда болды. Есепті кездесуде Ақтоғанның тұрғындарын алаңдатқан мәселелер айтылды. Соның бірін ауыл тұрғыны Ш.Сейтжанов көтерді.
Шиелі ауданы әкімі Қамбарбек Амангелдіұлының ауыл халқына есеп беру отырысы ақпанның бірі күні Досбол датқа ауылынан басталып, 3 ақпан күні Телікөл ауылымен аяқталды. Жалпы, бұған дейін айтқанымыздай әкімдердің есеп беру жиындары карантин ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтап, кездесуге қатысушылардың дене қызуы тексеріліп, басқосуға бетпердемен қатысуы бақылауда болды. Есепті кездесуде Ақтоғанның тұрғындарын алаңдатқан мәселелер айтылды. Соның бірін ауыл тұрғыны Ш.Сейтжанов көтерді.
– Қазір ауыл ішімен жүретін көліктер көп. Жүргізушілердің жол ережесін сақтамай, елді мекенде темір тұлпармен жүйіткіп жүретінін көзіміз көріп жүр. Осы мәселені қаперіңізде ұстап, ауыл ішкілік жолдарға арнайы жол ережесі белгілері орнатылса? – деген тілегіне Шиелі аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары, Досым Абуов жауап қатты.
– Өтінішіңіз өте дұрыс. Бұл жөнінде алдағы уақытта аудандық ТКШ-ға ұсыныс беріп, міндетті түрде арнайы ескерту белгілерін орнатуға жұмыс жасаймыз. Ал А.Дінбай «Ақтоғанға дәрігерлік амбулатория саламыз дегелі 10 жылдан асты. Бірақ, елде жаңа емхананың лентасы әлі қиылмай келеді» деді. Қойылған сұрақ жауапсыз қалмады. Өңір басшысы «Бұл мәселе өткен жылы шешімін табу керек болатын. Дегенмен, амбулатория құрлысына қатысты құжаттардың дұрыс болмауы мен пандемияның кесірінен емхана құрылысы кейінге қалды», – деп жауап берді. Ақтоғандықтарды аудан орталығындағы кейбір түйткілді мәселелер де толғандыратынын аңғардық. Нақтырақ айтсақ, ауыл жастары атынан сөз алған Ж.Қасымов Шиелі кентінде құмар ойыны шоғырланған орталықтардың жұмысын тоқтатуды сұрады. Ал А.Райымбеков базар бағасының күннен-күнге қымбаттап жатқанын алға тартты.
Осы күнгі есепті кездесудің екінші отырысы Алмалы ауылдық округінің клубында жалғасты. Клуб демекші Ақтоған мен Алмалыға бірінші кезекте жаңа мәдениет ошағы керек-ақ. Әйтпесе, кешегі Кеңес үкіметінің көзін көрген қос мекеменің сырты құлазып, іші көнеріп, кірген адамға қуаныш емес, төбемнен басып қалар деген қорқыныш, үрей сыйлардай әсер қалдырады екен.
Алмалы ауылдық округінің әкімі Ә.Мәмбетов елді мекеннің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жыл көлемінде ауылда білім, мәдениет, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салалары бойынша істеген жұмыстарын айтты. Жалпы, Алмалының тағы бір атауы Жеміс жидек екені баршаға аян. Бірақ, соңғы жылдары Алмалы сол атауға лайық болмай келген. Ауыл әкімінің есебін тыңдап отырып, ауылдың қайта көктеп-көгере бастағанын білдік. Көтерілген мәселеге келсек. Жалпы, жиында 21 бекетте орналасқан мешітке қатысты тұрғындар арасында дау туғызған мәселе де әңгіме болды. Бірақ, өңір басшысы бұл түйіткілдің түйінін арнайы келіп шешетінін айтып, халықты жалпыға ортақ, елдік мәселеге орай орамды ойлары мен ұтымды ұсыныстарын айтуды сұрады. Сондай ұсынысты 21 бекет тұрғыны Б.Мырзабаев ортаға тастады.
– 21 бекетте электр жарығының қуаты өте төмен. Салдарынан үйіміздегі тұрмыстық техникалық заттар жиі күйіп жатыр. Осыған орай, 21 бекетке қуаттылығы жоғары трансформатор берсеңіздер - деді. Өңір басшысы электр жарығына қатысты туындаған мәселе жақын арада оң шешімін табатынына сөз берді.
Иә, киелі мекен Шиелі үшін, Жөлек елді мекенінің орны бөлек. Биыл екі жүз жыл толатын бұл ауылда атқарылатын жұмыстардың бірқатарымен ауыл әкімі Б.Сахов таныстырды. 2021 жылы Жөлекте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Ортақшыл аудан орталығынан әлде неше шақырым орналасқанымен мұндағы жұрт өркениеттен алыстамаған. Шөбі шүйгін, егіс атырабы диханға қолайлы, дарияны жағалай орналасқан ауылда соңғы жылдары жаңадан мектеп пен әкімдік салынып, елді мекен толық ауыз сумен қамтылып, жоғары байланыс бағаны орнатылған. Бұйырса биыл округ аумағында кіші кәсіпкерлік жұмыстары жанданып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сондай-ақ, Мемлекеттік және жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында дәрігерлік емхана ғимаратын салу, С.Тілеубаев, А.Иманов, Есабыз ата, Достық және Бейбітшілік көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жоспарда.
Жаңатұрмыс ауылдық округі ауыз су, аяқ су, электр жарығы, көгілдір отын және басқада мәселелер өз шешімін тапқан ауылдардың бірі. Биылғы жылдың үлкен жаңалығы Байсын ауылының толық газдандырылуы болып тұр. Газ жүйесін жүргізуге ауылдан 16 адам жұмысқа тартылып, бүгінгі таңда Байсын ауылының 205 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп отыр. Байсын ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Бекпенбетовтың ықпалымен елді мекенге аяқ су жеткізілетін «Әлімұса» каналы қазылып, «Әлі Ата» атындағы мешіт үйінің жылытқыш құбырлары және бу қазандығы орнатылған.
Иіркөл ауылы аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлының есебі оффлайн түрде өткен ауылдардың қатарында болды. Аудан әкімінің алғашқы есеп беру жиыны болғандықтан оның маңыздылығын ескере отырып осындай шешім қабылдағанын айтты. Сәйкесінше карантин талаптары сақталып, жиналыс залы 30 процентке ғана толықты. 2021 жылға ауыл әкімдігі Ы.Жақаев және Жансейіт ауылдарында тозығы жеткен трансформаторларды ауыстыруға ықпал жасау, көшелерге жөндеу және жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру секілді ауқымды істерді жоспарлап отыр.
Су жаңа атауға ие болған бұрынғы Гигант ауылдық округі енді Бәйтерек деп аталады. Ал аяқ су мәселесі көктем айларында елді мекенде көптен бері шешімі табылмай келе жатқан мәселе болатын. Мәселені шешу үшін республикалық бюджет есебінен 19 млн 100 мың қаржыға Л-І каналы толықтай қазылып, пайдалануға берілді.
Қоғалы ауылы жаңа форматтағы есеп беруге қатысқан 2 ауылдың бірі болды. Ондағы ерекшелік есеп беру жүздесу арқылы емес, онлайн интернет желісі арқылы өткендігінде. Бет көрісіп, жүздеспедік демесе дәстүрлі есеп беруден ешбір айырмашылығы жоқ. Тұрғындар өз сауалдарын қойса, әкімдер есептік баяндамаларын таныстырды.
Аудан әкімі Қ.Мүбараковтың есебі онлайн түрде өткен кезекті ауыл Қарғалы ауылдық округі. Карантиндік режимге байланысты әкім есебі бұл ауылда ZOOM арқылы онлайн түрде өткізілген болатын. Есеп беру барысында өңір басшысы ауданның 2020 жылда атқарылған жұмыстары жайлы және 2021 жылдың жоспарымен бөліссе, ауыл әкімі атқарылған жұмыстардың есебін берді. Инфроқұрылым жайына тоқталар болсақ, ауыл ауыз сумен толықтай қамтылған. Қ.Әбдіқадыров, Жеңіс, Құрылыс көшелеріне түнгі көше жарықтары орнатылып, тұрғындардың жүріп-тұруы жеңілдеген. Биылғы жылы елді мекенде балалар ойын алаңы бой көтеріп, мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Дегенмен ауылдың негізгі мәселелері осы жол мен жарыққа қатысты болып тұр. Ауыл әкімінің сөзінше биыл Батырхан Айтуғанов көшесінің 1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары, ал Бейбітшілік көшесінің 730 метр аумағына орташа жөндеу жұмыстары мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек екен. Сонымен қатар Е.Ысқақ көшесімен тұрғындар алдағы уақытта тақтайдай тегіс тротуар арқылы жүретін болады.
Бестам ауылына бет алғанымызда тақтайдай тегіс жолдар кенеттен шұрық тесік тозығы жеткен жолдарға жалғасты. Біршама жол жөндеуден өткенімен қалған аумақтың күрделі жөндеуді қажет етіп тұрғаны байқалды. Ауыл тұрғындарының ең бірінші айтар назы осы жол мәселесі болатын шығар деп ойладық іштей. Алдымен ауыл әкімі есеп беріп, өз баяндамасында осы жол мәселесіне тоқталып, Шиелі мен Бестам арасын жалғайтын күре жолды жөндеуден өткізу мәселесінің күн тәртібіне қойылғанын, алдағы уақытта шешімін табатынын айтты. Дегенмен ауылда әлі де шешімін тауып атқарылуға тиісті көптеген мәселелер бар. Олар елді мекенге пошта торабын ашу, Шиелі мен Бестам арасындағы жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау, ауылдық клуб үйін жаңарту, тозығы жеткен электр желілері мен трансформаторларды ауыстыру мәселелері. Әсіресе ескі электр сымдары мен бағаналарын ауыстыру жұмыстары кезек күттірмейді. Тағы бір өзекті мәселе дәрігерлік емханаға қатысты. Күрделі жөндеуден өткен емхана әлі де қосымша құрылысты қажет етіп тұр. Елді мекендегі келесі мәселе интернет желісіне байланысты. Ауыл тұрғындарының интернет желісі тартылса деген өтініштері бар. Себебі олардың онлайн оқумен білім алып жатқан балалары туысқан жағалап, сабақтарын сонда оқуға мәжбүр болған. Бұл мәселеге қатысты ауыл әкімі Файзулла Ержан «мәселе бойынша біз Теле2 ұялы байланыс операторына хабарластық. Алдағы уақытта келіп, көріп интернетке арналған антена орнатамыз деген уәделерін берді», – деп жауап берді.
Бестамнан кейін ат басын Телікөлге қарай бұрдық. Телікөлге апаратын жолдың да бірнеше шақырымы жөндеуді қажет етіп тұр. Бұл жолға да назар аударылып, тиісті жұмыстар атқарылады деген сенімдеміз. Аудан әкімінің сөзі де осыған саяды. Жиын барысында елді мекенге кіре берістегі облыстық маңыздағы автотрасса жолы бойында орналасқан көпірдің қауіпті жағдайда болуына байланысты тұрғындар алаңдаушылық білдірді. Мәселе бойынша экспертиза жасалынып, қайта күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық жолдар басқармасы арқылы жоба сметалық құжаттары әзірленіп жатқан көрінеді.
Е.Жүсіп, Г.Дүйсебай, Р.Әнапия