Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АҚ ТАҢЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АҚ ТАҢЫ

Аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты концерттік шара өтті. Шараның өтуіне Байсын ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мұрындық болған. Пандемияға байланысты онлайн форматта өткен концерт инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде тікелей эфирден көрсетілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдыстырылған мәдени шара жан тебірентер қанатты сөздермен ашылып, «Байсын» әжелер ансамбльінің орындауындағы «Аяулы ана» әнімен жалғасын тапты. Одан әрі әжелер ансамбльі жергілікті сазгер Серікбай Бегалиевтің «Қызыл Ту жастарының вальсі» әнін шырқады. Тіпті бүлдіршін Махмұт Нұрасыл да Халық әнін шырқап, тікелей эфирден тамашалап отырған көрермендердің ыстық ықыластарына ие болды. Мұнан әрі әуезді әндер айтылып, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалауға мүмкіндік туды. Жалпы бұл шара көптен бері ән-жырға сусап қалған аудан­ тұрғындарының көңілін серпілтіп тастады.

Рамазан Әнәпия
15 қаңтар 2021 ж. 441 0