Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Думандағы дүбірлі шара

Думандағы дүбірлі шара

Жыл он екі айдың жадыраған жазымен қоса келген 1 мамыр – Балаларды қорғау күні әрбір бүлдіршіннің асыға күткен мерекесі. Бүлдіршіндер – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бұл күні еліміздің барлық ауыл-аудандарында мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық концерттері өтеді. Аталған күннің құрметіне орай «Думан-Шиелі» ЖШС әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен балаларды қорғау күніне арнаған «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің!» атты тақырыбымен өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен шара балалардың «Жүрек жылуы» биімен басталды. Концертте көптеген дарынды ұл-қыздар өнер көрсетті. Зейнеткерлерден құралған әжелер ансамблі хормен балалар мерекесіне арнап «Сәулем-ай» әнін тарту етті. Соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен мерекелік концерт аяқталып, қорытындылау үшін жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нәйлә Палым­бетова және орталық директоры Қанат Абдул­хаисұлына сөз кезегін берді. Қатысушылар мен бар­лық бүлдір­шіндерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Демеушілік жасаған кәсіп­керлер бүлдіршіндерді сый-сияпаттармен марапаттады.

Ақтолқын Әлжанова.
01 маусым 2019 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031