Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар жеңісі

Ұстаздар жеңісі

2021 жылдың 2-5 қаңтар аралығында шығармашыл мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылығын одан әрі дамыту мақсатында«Жаңақорған шиапажайында» облыстық тәжірибе алаңы өтті.
Шара облыстық кәсіподақ ұйымының және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырумен өткізілді. Байқауға Қызылорда облысынан; 1 қала, 7 аудан, жалпы 8 команда қатысып, өз белсенділіктері мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Шиелі ауданынан аудандық білім бөлімінің әдіскері Арман Шәденов және оқушылар үйінің директоры ­Бауыржан Әбішов сарапшы болып қатысты. Қала, аудандардағы мұғалімдердің арасындағы байқаулардың барлығы қашықтықтан ZOOM платформасымен өткізіліп, Шиелі ауданынан 3 байқауға 4 мұғалім қатысты. Бұл байқаулардың қорытындысы бойынша №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Куралай Ибадилдаева – «STEM оқыту-интеграция негізі» кәсіби байқауынан 1-ші орынды иеленсе, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі – «Инклюзивті сыныпқа арналған жоспарлау» кәсіби байқауынан ІІ орынды місе тұтты. Сонымен қатар Күнсұлу Сыздықова, Салтанат ­Битаевалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Тәжірибе алаңының ІІ бөлімде спорттық (үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан) жарыстар өткізілді. Шара қортындысы бойынша аудандық білім бөлімінің химия-биология пәнінен әдіскер Арман Шәденов шахматтан, аудандық оқушылар үйінің директорыБауыржан Әбішов дойбыдан 1-ші орынды еншіледі. Жалпы байқауда барлық қатысушылар белсенділік танытып, жыл басын кәсіби жеңіспен бастады.

Рамазан Бектұрғанұлы
15 қаңтар 2021 ж. 440 0