Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жас Ұлан» ұйымының жаңашыл бастамалары

«Жас Ұлан» ұйымының жаңашыл бастамалары

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында өткізілген бейне сабақтар мен бейне дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық байқаудың бірінші облыстық кезеңі өткен болатын. Осы байқауда «Қосымша білім беру педагогтары» аталымы бойынша аудандық Оқушылар үйі «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Манат Мұханбетжанқызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының аудан мектептеріндегі белсенді оқушылары мен мектеп тәлімгерлері «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының жұмысын жетілдіріп, жастар жылында оларға қолдау көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қызылорда қаласында өткен облыстық «Асыл мұра» этнофестиваліне қатысып, жүлделі екінші орынды және 50 мың теңгенің сертификатын иеленіп қайтты.
Жеңімпаздарды жетістігімен құттықтаған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов марапат иелеріне алда бұдан да жоғары жеңістерге жете беруіне тілектестігін білдірді.

Р.Жолтаев,
штаттан тыс тілші
05 қараша 2019 ж. 1 092 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930