Бүлінген алаң, бүлдірген адам
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жария болғанына 3 жылдай уақыт өтті. Осы жылдар аралығында өшкеніміз тіріліп, өткеніміз қайта жаңғырды. Ой-санаға қозғау салған мақала адам баласының рухани құндылықтарға деген көзқарасын өзгертті. Дегенмен бұзақылықпен ел игілігіне берілген дүниелерді бүлдіріп жүргендердің ісі әлі де жаңғыруға тосқауыл болып келеді.
Біреуден ілгері, біреуден кейін болса да ауданда атқарылып жатқан жұмыстар бар. Мемлекеттен қаралған миллиондаған қаржы көше, жарық, жол сынды халықтың қажеттілігіне жұмсалады. Сондай-ақ сквер, аллея, спорттық алаңдар да кент ішінен бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Жаһанданудың жолында жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар бәсекеге қабілетті елдер қатарынан қара көрсетуімізге де сеп болмақ. Әрі туған жерің гүлденіп, сән-салтанаты артып жатса неге қуанбасқа? Сәнді құрылыс, сапалы нысандар әл-ауқатымыздың артуына да себепкер болары хақ. Қалаға барып, көрікті жерлерде серуендеуді аңсаған жастар үшін де ауданның гүлденуі маңызды болуы керек-ақ. Десе де бүлдіріп, сындыру сынды бұзақылықтың ауылы алыстар емес.
Біреуден ілгері, біреуден кейін болса да ауданда атқарылып жатқан жұмыстар бар. Мемлекеттен қаралған миллиондаған қаржы көше, жарық, жол сынды халықтың қажеттілігіне жұмсалады. Сондай-ақ сквер, аллея, спорттық алаңдар да кент ішінен бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Жаһанданудың жолында жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар бәсекеге қабілетті елдер қатарынан қара көрсетуімізге де сеп болмақ. Әрі туған жерің гүлденіп, сән-салтанаты артып жатса неге қуанбасқа? Сәнді құрылыс, сапалы нысандар әл-ауқатымыздың артуына да себепкер болары хақ. Қалаға барып, көрікті жерлерде серуендеуді аңсаған жастар үшін де ауданның гүлденуі маңызды болуы керек-ақ. Десе де бүлдіріп, сындыру сынды бұзақылықтың ауылы алыстар емес.
Мәдениет. Осы сөзді күнделікті өмірімізге байланыстырып қолдансақ, мәдениетті, мәдениеттілік, мәдениетіміз деген кең ұғымдарға еніп кетеміз. Елбасы Н.Назарбаев соңғы Жолдауында елімізде осы мәдениетті дамытуға да жаңаша серпін берді. Сол үшін де Үкіметке мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Өркениеті озық 30 елдің арасынан орын алу үшін мәдениетіміз де соған сай болу керек екендігіне назарымызды аударды. Себебі адам баласының атам заманнан бері талпынғаны сол мәдениеттің шын мағынасындағы дәрежесіне жету. Мәдениетті болу, оның белгілі сатысына табан тіреп, ілгері өрмелей беру – заманымыздың және өмірдің алдымызға қоятын негізгі талабы. Адамның мәдениетті болуы қай кезде де маңызын жоғалтқан емес және жоғалтпайды да. Соңғы кездерде көпшіліктің ойына жиі оралып жүрген, арамыздағы өсіп келе жатқан кейбір жастардың бойындағы біршама келеңсіз көріністер – құқықбұзушылық, әртүрлі қатыгездік, жауапсыздық.
Сөзімізді бұлай сабақтауымыз бекер емес. Шиелі кенті «Бұқар жырау» көшесі №58 спорт алаңының бүгінгі жай-күйі осылай қалам тербеуімізге түрткі болды. Көше тұрғындарына аз күндік қуаныш сыйлаған спорт алаңы дәл қазір қаңырап бос тұр. 9 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған спорт алаңында ақылды шамдар, қоқыс тастайтын жәшік, орындықтар мен спорттық жабдықтар болған басында. Бастапқыда 12 шам жанатын бағана болса, қазір 10 бағана тұр. Бірақ барлығы да сынған, нақтырақ айтсақ сындырған. Ал орындық, қоқыс тастайтын жәшіктің тек орны ғана қалған. Мемлекеттің мүлкін әкесінің жеке меншігіндей көрген жастардың бассыздығына, жүгенсіздігіне сол жердегі тұрғын Қайрат Бейсембаев та күйінеді.
– Бір мезгіл балаларымыздың алаңқайда ойнағанын тамашалап, көрші-қолаңмен әңгіме дүкен құратын күн туған екен ғой деп қуанған едік. Алайда кеш қарайғаннан ішімдікке сылқия тойып, осы алаңды бүлдіріп, сындыратын жасөспірімдердің қарасы қалыңдап кетті. Әуелгіде айқайлап, шамамыз келгенше бұзақылыққа тосқауыл қоюға тырыстық. Дегенмен түнімен күзетіп жүру мүмкін емес. Таңертең тұрғанда сынған шыны құтылар мен түрлі қалдықтарға толып жатқанын көреміз. Бастапқыда жарығы жоқ көшеміздің сәнін кіргізген шамдарға тамсанып, көңіліміз марқайып қалған еді. Ендігі оның келбеті адам аярлық. Мемлекеттен бақылау қойылмаса спорт алаңының қаңыраған бос орны қалатын түрі бар, – дейді ол.
Ашынғаннан ащы дауысы шыққан көше тұрғындарының бірі Балжан Кәрімбаевада жасөспірімдердің жауапсыздығы мен бұзақылығының тыйылмай тұрғанына кейіді. «Жергілікті полиция қызметкерін шақырғанымызбен бұл мәселе шешімін таппай тұр. Сондықтан бұл жерге күзетші жалдап не болмаса бейнебақылау орнату керек шығар» дейді жанашыр тұрғын. Өйткені жастар сол жердегі үлкендердің айқайынан сескенбейтін көрінеді.
Миллиондаған қаржыға салынған мемлекеттің мүлкін ел игілікке жаратсын деп салынғаны айдан анық. Бірақ бұзақылар тонап, қалтасына салмауы керек. Анық-қанығын білмекке кент әкімі Ғ.Аманжоловпен тілдескенімізде «Бұзақылар ұсталды. Спорт алаңындағы жабдықтарды алған адам табылып, барлығын қайтарып беретін болды. Бұл мәселе қаралып жатыр. Алдағы уақытта жөнге келеді» деп жұбатты. Өзгелер үшін емес, өзіміз үшін жасалынған дүниелерге жанымыз ашымаса, жаһанданудың шаңын жұтып, жарығы жоқ көше, жолы жоқ ауыл болып кері кете береріміз анық іс. Сондықтан баланы бастан тәрбиелеп, жасөспірімдерді тезге салудың айла-тәсілін таппасқа болмас.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ