«100 жаңа оқулық» болашаққа бастама
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» бағыты аясында әлемнің үздік деп саналатын 100 кітабын қазақ тіліне түпнұсқадан тәржімалау өткен жылы басталды. Осыдан кейін арнайы Ұлттық аударма бюросы құрылып, еліміздегі білікті мамандардың басы біріктірілді. Алпауыт 30 елмен терезе теңестіру жолындағы басты қадам білім болса, оқулық соның кілті.
Ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Білікті мамандар бір жылдай мерзім ішінде таңдалған еңбектерді түпнұсқадағы тілден қазақшаға тікелей аударды. Осылайша міндеттелген 100 кітаптың 18-і қолданысқа дайын болып, еліміздегі жоғары оқу орындарына таратылды. Ал қазір 30 оқулық бойынша аударма үдерісі жүріп жатыр. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалмақ. Бірер жылдан соң ауқымды жоба өз жемісін бере бастайды. Әлемдегі ең үздік аударылған 100 оқулық пен студенттерді бірер жылдан соң оқытуды бастау міндеті тұр.
Мұның бәрі болашаққа жасалып жатқан игі қадам, өйткені, болашақ бүгіннен басталады. Мемлекет басшысы әркез де жарқын болашақтың қамы үшін түрлі жоспарлар жасап, арнайы бағыттарды осылай айқындап береді. «Білек кесенер заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік» деген қазақ тарихындағы тұғыры биік хандардың бірегейі Абылай хан еді. Осы бір ұстанымды Тәуелсіздік тарихымен бірге талайды бастан кешіп, елдің болашағы үшін тынбай еңбекетіп келе жатқан Ұлт көшбасшысы да ұстанып отыр.
Г.Әбдіханиқызы.