Кенттің көрікті келбеті
Жуырда облыстық ата басылым «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожас Шиелінің тыныс-тіршілігімен танысып кетті. Кент іші мен ауылдық округтердегі мәселелерді қойын дәптеріне түрте кеткен қонақтың «Шиелі, шырай көрдім келбетіңнен» деп мақала жазуы тегін бе? Бұл күндері кент ішінде айнала бір жүріп өтсеңіз жол, жарық, тротуар салу сынды жұмыстардың қызып жатқанын аңғарасыз.
Кент ішінде мәселе жоқ емес. Дегенмен жақсыны көрмекке, бағасын бермекке бел будық. Биылғы жылға жоспар көп. Оны аудан әкімі Қ.Мүбараков те, кент әкімі Ғ.Аманжолов та растады. Бұйырса жаңарып, жөнделер көшелер ел игілігіне берілмек. Әуелі жаңалықты кент орталығының көркін арттырған түрлі-түсті субұрқақтың ашылуымен бастайық. М.Шоқай атындағы орталық алаң жаңаша келбетке енген. Кеш қарайса түрлі-түсті жарықтар көздің жауын алады. Субұрқақ атқылап, түрлі-түсті жарықпен көмкерілген арка да ерекше әр беріп тұр. Сонымен қатар 5 млн 300 мың теңгеге «I love SHIELI» жазуы да орнатылған.

Биылғы жылдың жағымды жаңалықтарының бірі кент ішіндегі 58 көшенің жөндеуден өтетіндігі деуге болады. Кент әкімінің орынбасары Болат Баймағанбетовтың берген мәліметіне сүйенсек, биыл аудандық бюджеттен ұзындығы 1980 метр 5 көшеге асфалть төселіп, 27 көшеге жай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 74 млн 628 мың теңге бөлініп, ұзындығы 3339 метр 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Оған қосымша аудандық қаржыдан 115 млн теңге қаралып, тағы да 14 көшеге орташа және жай жөндеу жұмыстары жүргізілетінін тілге тиек етті.
Кенттегі тұрғындардың бір тілегі жаяу жүргінші жолының қажеттігі еді. Енді бұл мәселе де жаймендеп шешімін таппақ. Биылғы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасымен кентті абаттандыруға 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Атап айтар болсақ, Яссауи көшесі бойындағы аллея абаттандырылу үстінде. Тоқтаров, Бекежанов, Қоңыратбаев, Аймауытов, әл-Фараби көшелеріндегі тротуар салу жұмыстары соңына таяп қалды. Ал «Көкшоқы» шағын ауданы мен кент ішіндегі жарық бағаналарын жаңартуға республикалық бюджеттен 148 млн теңге қаржы қаралған. Демек жыл соңына дейін атқарылар істің көп екенін аңғаруға болады. Күн санап кенттің көркі артып, киелі Шиелі шырайлана түсуде. Туған өлкеміздің гүлденіп, көркеюін әрбір азамат қалайтыны жасырын емес.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ