Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент әкімі есеп берді

Кент әкімі есеп берді

Аптаның сейсенбісінде аудан әкімдігінің баспасөз орталығында кент әкімі Ғабит Аманжолов тамыз айына дейінгі жасалған жұмыстардың есебін берді.
– «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының «Бизнес – кеңесші» жобасы бойынша оқыған 52 адамның бесеуі қолдауға ие болды. Олардың жоба құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Т.Жүргенов тұйығындағы көп қабатты тұрғын үйдің ауласына балалардың ойын алаңы салынып, керекті жабдықтар қойылды. Тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын – 52, пластикалық бөтелкелер салатын – 20 дана контейнер кенттің орталық көшелеріне орналастырылды. Шиелі кентінің жарықтандырылмаған С.Есенов, С.Мұқанов, Ө.Жәленов, Қорқыт ата, Тоқбаулин, Бөгенбай батыр көшесінің соңғы бөлігі, Тәттімбет көшесі, Желтоқсан тұйығына түнгі жарық бағаналары орнатылды, – кент әкімі.
Осыған дейін атқарған жұмыстарына тоқталған кент әкімі алдағы уақытта орындалатын істерді атады. Кент халқынан түскен ұсыныс-пікірлерді есепке ала отырып, көлік және жаяу жүргіншілер жолын салу, көркейту-көгалдандыру мен көшелерді жарықтандыру жұмыстарының жалғасатынын сөзіне арқау етті.
Брифинг кезінде кент бойынша жаңадан жұмыс көзін ашу, шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жұмыссыздықты азайту, жеке инвестиция тарту, салық базасын нығайту керектігі айтылып, мәселені шешу жолдары қарастырылды.

Назерке Мұхамедияраова
30 тамыз 2019 ж. 1 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30