Сын сәтте сынбаған жандар
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Десек те медицина қызметкерлерінің орны ерекше. Өйткені, олар – халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жандар. Адам денсаулығын бірінші орынға қойған жандарды халқымыз да айрықша құрмет тұтады. Әсіресе, елімізді алаңдатқан аты жаман ауру басталғалы бері сала мамандарының жауапкершілігі артты. Сондықтан да дәрігерлердің еңбегін басылым беттерінде жариялап келеміз. Бүгін мақаламызда Ә.Тәжібаев ауылының дәрігерлік амбулаториясына тоқталмақпыз.
Аталған амбулаторияда бүгінде 13 адам жұмыс істейді. Ашып айтар болсақ, 1 аға дәрігер, 1 аға аяжан, 3 жалпы тәжірибелі мейірбике, 1 химизатор, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 акушер, 1 егу аяжаны, 1 мектеп аяжаны, 1 жүргізуші, 1 тазалықшы, 1 күзетші. Олар әлемді жайлаған індет таралғалы бері халыққа ем-дом жасаудан бөлек, алдын алу үшін күрес жүргізіп, халыққа дұрыс бағыт-бағдар берумен де айналысып келеді. Ә.Тәжібаев ауылының дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Әзиза Баянбаева:

– Қай медицина қызметкерін алсақ та, халық үшін аянбай қызмет етуге даяр. Өйткені, аталған салаға келгендегі мақсаты да сол, елдің алғысын алу, денсаулығына көңіл бөлу, халықтың амандығы үшін аянбай тер төгу. Міне, осыларды өзіндік ұранына айналдырады. Расында, жаһанды жайлаған дерт кез келген адамды есеңгіретпей қоймады. Соның әсері болар, дәрігерлерге халықтың сенімі бұрынғысынан да арта түсті. Сенім үдесінен шығу үшін бірлескен ұжым ерінбей көмек көрсетті, – дейді ол.
Айта кетейік, Ә.Алматқызы аталған амбулаторияның аға дәрігері болып жақында тағайындалған. Десек те өз ұжымын ерекше сыйлатыны көрініп-ақ тұр. Тіпті телефонмен тілдескенімізде олардың күн-түн демей үй-үйді жағалап, көмектескен күндері туралы да тілге тиек етті. Ұжымның аға аяжанының айтуынша, былайғы күні 10 адамнан аспайтын науқастар, сол кездерде 20-25 адамға дейін жеткен. Ауруы асқынған жандар дереу аудандық ауруханаға жөнелтілген.
Иә, бейбіт күннің батырлары атанған дәрігерлер қауіпті індет өршігелі аянбай, тынбай еңбек етті. Тіпті өз қара басын қатерге тігіп, мылтықсыз майданда аяғынан тік тұрып қызмет етуде. Жаман ауру жан алқымнан алмасын десек, барынша сақтық шараларын бұлжытпай орындау керек. Рухы өр, тәні бекем, қайсар ақ халаттылар тұрғанда, қазақ бұл қиындықты да еңсеріп шығатыны сөзсіз.
Фариза КЕНЖЕШОВА