Қос әулетті қуанышқа бөлеген Дәулет
Жақсылық жасауға жаны құмар жандардың жанымызда жүргенін кейде аңғармай жатамыз. Көршісі тоймай, өзі тояттап ас ішпеген қазақтың тәрбиесі солай. Жетімін жылатпай, жесірін жерге қаратпай қолда барын бөліп жеген кеңпейілді азаматтардың жақсылығын жариялаудан әсте жаңылған емеспіз. Бүгінде қос шаңырақты шаттыққа бөлеген Дәулет Жұмбековтың жанашыр болмысын тарқатып айтпақпыз.
Тағдырдың кермек дәмін татып, жоқшылық пен тоқшылықты бағамдай білетін тұрмысы төмен отбасылар жетерлік. Күні-түні тынбай тірлік еткенімен тапқаны тамағынан артылмайтын жанұяның жүрек жылуы ызғарлы күнде жанын жылытып келеді. Басында үйі, жайлы күйі болмаған пенденің тірлікте ісі өне ме? Ал ауылдағы ағайынның жай-күйін жақсы білетін аудандық мәслихат депутаты, «Ақмая» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Егембергенұлы Ақмая ауылының тұрғыны, 73 жастағы Зоя Өмірбековаға баспана тарту етті. Жолдасы марқұм Е.Батырбеков аталған шаруа қожалықта зейнет жасына дейін механизатор болып еңбек еткен. 5 баланың анасы тұрғын үйінің тұруға жарамсыз, құлағалы тұрғанын айтып, ауыл орталығынан бұйырған 5 бөлмелі баспана сыйлағанына алғаусыз алғысын білдіріп, жанардағы жасын бір сығып алды. Бұл әрине, қуаныштың жасы.

Бұған дейін қайырымды істің басы-қасынан табылып жүрген Д.Жұмбековтың сыйға тартқан бұл алғашқы баспанасы емес. Осыған дейін Ш.Қодаманов ауылының тұрғыны, 68 жастағы жалғызбасты ана Айзан Мұратбекованың да үйі тұруға жарамсызын ескеріп, жаңа үйдің кілтін табыстаған болатын. Қос қуаныш иесі жүрек жарма лебізін айтып, алғысын жолдады. «Жақсылықты көппен бөліссең, шарапаты да еселене түсер» деген ниетпен сауапты істі саналы оқырманға жариялап отырмыз.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ