Жақсылық жасауға асық

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға Үндеуі мен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «Семізбай – U» Бастауыш партия ұйымында «Biz Birgemiz» акциясы жалғасуда. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байлансты, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаевтың қолдауымен «Семізбай – U» Бастауыш партия ұйымының мүшелері ауданымыздағы тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы 8 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, гигиеналық заттармен және қаржылай көмек көрсетті.
Сонымен қатар Тартоғай ауылының тұрғыны болған, кенеттен жолдасы да, өзі де ауырып қайтыс болған Болатбек Мәжихановтың артында қалған балаларына 100 000 теңге, Бидайкөл ауылының тұрғыны Айбике Айдосқызының еміне 50 000 теңге қаржылай көмек берді. Жетімін жылатпаған қазақтың қамқор көңілінің арқасында асыраушысынан айырылған балалар баспаналы болып, «Семізбай – U» Бастауыш партия ұйымына алғыстарын білдірді. «Бір қолым бергенді бір қолым көрмесін» деген тәмсілдің барын білсек те, өзгелерге үлгі боларлық істі жариялап, жақсылық жасауға барша жамағатты шақырған дұрыс шығар деп ұғындық.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ