Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин: Қызылордада бір түнде 184 тұрғын еш себепсіз көшеде жүрген

Карантин: Қызылордада бір түнде 184 тұрғын еш себепсіз көшеде жүрген

Қызылорда облысы Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тұрғындар мен көлік қозғалысына шектеулер қойылғаны белгілі.
Алайда, соңғы тәулікте облыс тұрғындары қойылған талаптарды орындамай, қозғалыс кезінде автокөлікке артық жолаушыларды отырғызу бойынша 15 дерек анықталды. Оның ішінде, Арал ауданында – 6, Шиелі ауданында – 9.
Облыстың барлық тұрғындарының кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін жүруіне тыйым салынса да, 184 адам еш себепсіз көрсетілген уақыт аралығында үйлерінен тыс жерде болған.
Оның ішінде, бір түнде Қызылордада – 24, Аралда – 19, Қазалы – 27, Қармақшы – 17, Жалағашта – 13, Сырдария – 26, Шиеліде – 16, Жаңақорған – 21, Байқыңырда – 21 тіркелген.
Соңғы тәулік ішінде 500-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 106 құқық бұзушылық анықталды.
«Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 542 әкімшілік іс қаралып, 269 тұлғаға айыппұл салынса, 202 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 70 тұлғаға ескерту берілді», – деп хабарлады бізідң ақпарат агенттігіне Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
24 сәуір 2020 ж. 435 0