Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қауіпті індеттен жазылғандар саны 98 адамға жетті

Қызылордада қауіпті індеттен жазылғандар саны 98 адамға жетті


Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 98 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тұрғындары, деп хабарлайды 
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
26 сәуір 12:45-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 18 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 2, Шиеліде – 10, Сырдария – 5, Жаңақорғанда – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 98 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 12, Арал ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 12, Шиелі ауданында – 51, Жаңақорған ауданында – 17 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.


26 сәуір 2020 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031