Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі
Қызылорда облысы полиция департаменті сәуір айының 5-6 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдап, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:
1.Қызылорда қаласы – Теміржол вокзалының аялдамасы, Қонаев көшесі, «Жаңа базар» Қорқыт Ата - Мұстафа Шоқай көшелерінің қиылысы, «Ескі базар» Әйтеке би - Тоқтыбаев көшелерінің қиылысы
2.Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі
3.Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі
4.Қармақшы ауданы – «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі
5.Жалағаш ауданы – «Автовокзал» Желтоқсан – Қазыбек би көшелерінің қиылысы
6.Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі
7.Шиелі ауданы – Орталық стадион, Жахаев көшесі
«Жадыра сауда үйі» Сейфуллин көшесі
8.Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.
Аталмыш шара сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін жалғасады.
5-6 сәуір аралығында 30-15-77 телефоны бойынша «жедел желі» жұмыс істейтін болады.