Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру гранттарын заңсыз иеленуге жол берілмейді

Білім беру гранттарын заңсыз иеленуге жол берілмейді

Арнайы мониторингтік топ басшысы А.Ізденнің төрағалық етуімен арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді. Топ отырысына облыстық мониторингтік топ мүшелері мен қалалық және аудандық мониторингтік топ басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Отырыс барысында департаменттің басқарма басшысы Б. Ізкенов хабарлама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторингтің негізгі стандарттары туралы түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, жергілікті арнайы мониторингтік топтардың 2018 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Отырыста жаңа оқу жылы қарсаңында колледждердегі оқуға қабылдау шарасына, соның ішінде білім беру гранттарын тағайындауда қоғамдық бақылау орнату мәселесі талқыланды.
Осыған орай, колледждердегі емтихан қабылдау комиссияларының құрамына мониторингтік топ өкілдері енгізіліп, олар мемлекеттік білім тапсырысын алатын мемлекеттік және жеке меншік колледждер қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Топтар комиссия құрамында заңсыз білім беру гранттарын иелену мен оқуға түсу немесе белгілі бір артықшылықтар көрсету жағдайларын анықтайтын болады. Топ өкілдері әрбір оқу орындары бойынша бекітіліп, қоғамдық бақылау жұмыстарын бастап кетті.
04 тамыз 2018 ж. 976 0