Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүк көліктерінің жүргізушілерімен арнайы мониторингтік топ мүшелерінің кездесуі өткізілді.

Жүк көліктерінің жүргізушілерімен арнайы мониторингтік топ мүшелерінің кездесуі өткізілді.


«Жолдағы сыбайлас жемқорлық белгілерін алдын алу мен оларды төмендету бойынша 10 қадам» жобасын жүзеге асыру бағытында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу мақсатында, Шиелі кенті «Арман» клубында Инертті жүк тасымалдаушыларда кездесетін әкімшілік кедергілерді жою туралы отырыс өткізілді.
Отырысқа, Облыстағы жүк көліктерінің жүргізушілері, кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А. Мұхимов, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Е.Жолдасов, Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылорда облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.
Отырыс барысында жүргізушілер мен кәсіпкерлер тарапынан жүк тасымалы барысында туындайтын маңызды мәселелер көтеріліп, әкімшілік кедергілердің туындау себептеріне кәсіпкерлер мен тиісті сала басшылары жауап беріп, алдағы уақытта барлық кедергілерді жоюға шаралар қабылданды.
Отырыс соңында, кәсіпкерлер мен жүргізушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер мен жүргізушілердің құқықтарымен міндеттері жазылған нұсқамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
04 сәуір 2018 ж. 971 0