Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жемқорлардан алған сомасын еселеп қайтару жазасы алынып тасталуы мүмкін

Қазақстанда жемқорлардан алған сомасын еселеп қайтару жазасы алынып тасталуы мүмкін

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 15 жылдан бері заңсыз баю жағдайларына жауапкершілік енгізу керектігін айтып келеді. Бірқатар елдерде бұл талап – жемқорлыққа қарсы негізгі индикаторлардың бірі саналады. Ал біздің елде кінәсіздіктің анық-қанығына жетуге байланысты конституциялық құқық бар. Осыны ескере отырып, біз Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан заң жобасы арқылы заңсыз байыған азаматтарға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізуді ұсынып отырмыз. Ол бойынша кірісі мен шығысының арасында айырмашылық бар шенеунік белгілі бір уақыттың ішінде мүлкінің заңды түрде алынғанын дәлелдеуі керек», – деді Айгүл Базарбаева.
Айгүл Базарбаева сонымен қатар заң жобасы арқылы жемқорларға алған сомасын еселеп қайтару жазасы алынып тастау ұсынылып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша жемқорлардың ақшамен құтылуын – қоғам әділеттілікті сатып алудың бір жолы деп қабылдайды.
20 сәуір 2020 ж. 267 0