Бармақ басты, көз қыстыға жол жоқ

Өркениетті қоғам үшін бармақ басты, көз қысты әрекетті арқылы пайда тауып, заңсыздық пен парақорлыққа жол беру мемлекетке қауіпті қылық болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың бірнеше түрі бар. Корпоративті, саяси, тұрмыстық. Салық төлемеу, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, сараптама, сертификат алу үшін пара беру корпоративті сыбайлас жемқорлыққа жатқызылады. Ал мемлекеттік қызмет түрлерін жылдамдату үшін ақша алу, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау, бюджет қаржысын заңсыз беру әрекеттері саяси сыбайлас жемқорлыққа жатады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңдағы заңсыздықтарды жасыру болып табылады. Елбасы «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», – деп демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болу керектігін баса айтқан болатын.
Қазақстан – дамушы елдердің қатарына жататын, талай сындарлы жылдарды бастан кешірген мемлекет. Тәуелсіз елдің еркін ұрпағымын деген кез келген азамат қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған жемқорлық дертімен күресуде адалдықты ту етсе, дамудың қарқын алары анық.
Ә.Алдабергенов,
Шиелі кенті әкімнің аппаратының
бас маманы