Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЖАҢҒЫРТУ-ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІКТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ

МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЖАҢҒЫРТУ-ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІКТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ

Қазақстанда мемлекеттік органдарды жемқор шенеуніктердентүпкілікті тазарту жалғасуда. Бұл тұрғыда көзге көрінетін нәтижелер болуда. Сонымен, жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша жылнамаларәзірлеумен айналысатын швейцариялық Халықаралық менеджментті дамыту институтының деректері бойынша 2019 жылы Қазақстан «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» көрсеткіші бойынша бүтіндей 10 тармақ бойынша позициясын жақсартты, Оңтүстік Корея, Израиль, Испания және басқа да елдерді басып озып, 29-орынға ие болды.Одан басқа, саяси тәуекелдерді зерттеумен айналысатын американдық PRS Group ұйымының деректері бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші бойынша небәрі бір жарым жыл ішінде өз көрсеткіштерін екі есеге жақсартты.
Соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 23 пайызға аз тіркелді. Бұл беталыс 17 пайызға қысқарған тәртіптік құқық бұзушылықтарға да тән.
Жоғары жасырындылық деңгейімен ерекшелінген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауда, жолын кесуде және ашуда 2015 жылы құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюрсына басты рөл тиесілі болды. Біз барлығынасыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіңмемлекет атынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарын, оларды жасаған адамдарға қарамастан, дәйекті түрде анықтап, жолын қатаң түрде кесетіндігін анық түсіндірдік. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ешкімге ешқандай аяушылық болмайды деген тікелей нұсқады.
07 маусым 2019 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930